Үкімет 70-тен астам әр алуан дәрі-дәрмек өндіретін зауыт құрылысын мақұлдады

Лекарства - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2026
Жазылу
Жеке инвестициялардың жалпы көлемі 42,5 млрд теңгені құрайды
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Үкімет Қарағанды облысында құны 42,5 млрд теңге болатын фармацевтикалық зауыт салу жобасын мақұлдады.
Сәйкес келісім денсаулық сақтау министрлігі мен "Қарағанды фармацевтикалық кешені" ЖШС арасындағы жасалып отыр. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Жеке инвестициялардың жалпы көлемі 42,5 млрд теңгені құрайды.
"Жоба аясында дәрілік заттардың 74 атауын өндіру жоспарланып отыр. Өндірістік желі медицинаның маңызды бағыттарын, оның ішінде, онкологиялық, аутоиммунды және орфандық ауруларды емдеуге арналған инновациялық дәрілік препараттарды қамтиды", - деп жазылған хабарламада.
Зауытты жүзеге асыру еліміздің дәрілік қауіпсіздігін нығайтуға әсер етіп, Қарағандыда 70-ке жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Жалпы 2025 жылдың желтоқсанынан бастап қазіргі уақытқа дейін салада жалпы сомасы 360 млрд теңгеге жеті инвестициялық келісім жасалды. Олар 474-ке жуық дәрілік заттардың атауын өндіруге және 1 170-тен астам тұрақты жұмыс орындарын ашуға бағытталған.
Картофель на агровыставке  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2026
Үкімет картоп алқаптарын тағы арттыруға шешім қабылдады
Жаңалықтар
0