Қазақстанда Спортшылар кеңесі құрылды

© Photo : Туризм және спорт министрлігіҚазақстанда Спортшылар кеңесі құрылды
Қазақстанда Спортшылар кеңесі құрылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2026
Жазылу
Кеңес спортшылардың мүдделерін қорғауға, саланы дамытуға қатысты ұсыныстар әзірлеуге және мемлекеттік бастамаларды іске асыруға атсалысады
АСТАНА, 9 шілде – Sputnik. Қазақстанда Спортшылар кеңесі құрылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Туризм және спорт министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, кеңес құрамына Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, қазіргі спортшылар, сондай-ақ ел спортының дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлер енді.
Тәжірибелі мамандар спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге көмектеседі.
"Спортшылар кеңесі" отандық спортты дамытуға қатысты өзекті мәселелер бойынша спортшылар, мемлекеттік органдар, спорт федерациялары және сарапшылар қауымдастығы арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін тиімді диалог алаңына айналады", - делінген ресми хабарламада.
Кеңес спортшылардың мүдделерін қорғауға, саланы дамытуға қатысты ұсыныстар әзірлеуге және мемлекеттік бастамаларды іске асыруға атсалысады.
Қазақстанда алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлықтың чемпионаты өтеді  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2026
Қазақстанда алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлықтың чемпионаты өтеді
Жаңалықтар
0