https://sputnik.kz/20260623/qazaqstanda-algash-ret-manerlep-syrganaudan-tort-qurlyqtyn-chempionaty-otedi--64363404.html
Қазақстанда алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлықтың чемпионаты өтеді
Қазақстанда алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлықтың чемпионаты өтеді
Sputnik Қазақстан
Беделді халықаралық доданы 2027 жылдың 9-14 ақпан күндері ұйымдастыру жоспарланған 23.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-23T15:50+0500
2026-06-23T15:50+0500
2026-06-23T15:50+0500
чемпионат
мәнерлеп сырғанау
https://sputnik.kz/img/855/51/8555111_0:209:2975:1882_1920x0_80_0_0_6adff1eac71df05a7530983516b85d53.jpg
АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. Қазақстанда алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.Халықаралық конькишілер одағының (ISU) президенті Чжэ Ёль Кимнің айтуынша, Орталық Азия жанкүйерлері әлемдік деңгейдегі спортшылардың өнерін өз көзімен көре алады.Беделді халықаралық дода 2027 жылдың 9-14 ақпан күндері ұйымдастырылады деген жоспар бар. Сол кезде Қазақстан астанасына Азия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Африка мен Мұхит аралдары елдерінен әлемнің ең үздік спортшылары келеді. Олар маусымның маңызды жарыстарының бірінде бақ сынайды.Айта кетері, бұған дейін елімізде 2011 жылғы қысқы Азия ойындары мен 2017 жылғы қысқы Универсиада аясында мәнерлеп сырғанау жарыстары ұйымдастырылғанымен дәл осындай деңгейдегі чемпионат алғаш рет өткізілмек.
https://sputnik.kz/20260220/qazaqstandyq-sportshy-alemdegi-en-uzdik-manerlep-syrganaushylar-qataryna-endi-61303736.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/855/51/8555111_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_5b692faab565635e40cb7b63d1c16346.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
чемпионат, мәнерлеп сырғанау
чемпионат, мәнерлеп сырғанау
Қазақстанда алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлықтың чемпионаты өтеді
Беделді халықаралық доданы 2027 жылдың 9-14 ақпан күндері ұйымдастыру жоспарланған
АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. Қазақстанда алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионаты өтеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан туризм және спорт
министрлігіне сілтеме жасап.
Халықаралық конькишілер одағының (ISU) президенті Чжэ Ёль Кимнің айтуынша, Орталық Азия жанкүйерлері әлемдік деңгейдегі спортшылардың өнерін өз көзімен көре алады.
"Біз мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатын алғаш рет Қазақстанда өткізетінімізге қуаныштымыз. Бұл – Орталық Азия жанкүйерлері үшін әлемдік деңгейдегі жарысты тамашалап, өз кумирлерінің өнерін жақыннан көруге берілген тамаша мүмкіндік. Қазақстанда мәнерлеп сырғанауға деген қызығушылық жаңа деңгейге көтерілді. Астана спортшылар, жанкүйерлер және барлық қатысушы үшін жоғары деңгейдегі алаң болатынына сенімдіміз",– деді Чжэ Ёль Ким.
Беделді халықаралық дода 2027 жылдың 9-14 ақпан күндері ұйымдастырылады деген жоспар бар. Сол кезде Қазақстан астанасына Азия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Африка мен Мұхит аралдары елдерінен әлемнің ең үздік спортшылары келеді. Олар маусымның маңызды жарыстарының бірінде бақ сынайды.
Айта кетері, бұған дейін елімізде 2011 жылғы қысқы Азия ойындары мен 2017 жылғы қысқы Универсиада аясында мәнерлеп сырғанау жарыстары ұйымдастырылғанымен дәл осындай деңгейдегі чемпионат алғаш рет өткізілмек.