ЕЭК пен БҰҰ ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шығып жатыр

© Photo : Пресс-служба Евразийской экономической комиссииЕЭК пен БҰҰ ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шығып жатыр
ЕЭК пен БҰҰ ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шығып жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2026
Жазылу
Биыл Астанада өткен Еуразиялық экономикалық форум аясында ЕЭК пен ЮНСИТРАЛ өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
АСТАНА, 9 шілде – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы ынтымақтастық сапалық тұрғыдан жаңа кезеңге аяқ басып келеді, деп мәлімдеді ЕЭК экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақыт Сұлтанов Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссиясының (ЮНСИТРАЛ) 59-шы сессиясына қатысушыларға бейнеүндеуінде.

"Біз үшін халықаралық стандарттар мен сарапшылардың пікірлерін ЕАЭО елдеріне реттеуді оңтайландыруға, бизнес шығындарын азайтуға, цифрлық құралдарды дамытуға, құқықтық сенімділікті қамтамасыз етуге және экономикалық субъектілер арасындағы сенімді нығайтуға көмектесетіндей етіп тәжірибелік іс-әрекетке айналдыру маңызды", - деп атап өтті Бақыт Сұлтанов.

Оның айтуынша, тараптар биыл мамыр айының соңында Астанада өткен Еуразиялық экономикалық форум аясында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Сұлтанов бұл құжат ЕЭК-ке сауда құқығы саласындағы Одақ органдарының актілерін әзірлеу кезінде ЮНСИТРАЛ стандарттарына сүйенуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

"2026 жылға арналған жоспарда нақты қадамдар белгіленді: сарапшылар бірқатар вебинарлар өткізіп, ақпарат алмасу тетіктерін келіседі, ал ЕЭК ЮНИСТРАЛ онлайн оқыту курстарын аударуға көмектеседі", - деп атап өтті министр.

Министр сессияның күн тәртібіндегі мәселелерді қарастырды. Бағдарламаға инвестициялық дауларды шешу бойынша консультативтік орталық құру, электрондық коммерция мен цифрлық платформаларды дамыту, онлайн төлемдер, транзакциялардың қауіпсіздігі және банкроттыққа байланысты мәселелер сынды тақырыптар кірді.
Флаги ЕАЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2026
ЕАЭО-да тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің ортақ дерекқорын құру ұсынылды
Жаңалықтар
0