https://sputnik.kz/20260703/eaeo-da-tauarlar-zhumystar-men-qyzmetterdin-ortaq-derekqoryn-quru-usynyldy-64636799.html
ЕАЭО-да тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің ортақ дерекқорын құру ұсынылды
ЕАЭО-да тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің ортақ дерекқорын құру ұсынылды
Sputnik Қазақстан
Сондай-ақ өнеркәсіп саласына жасанды интеллектті енгізуге арналған ортақ платформа іске қосылуы мүмкін 03.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-03T13:11+0500
2026-07-03T13:11+0500
2026-07-03T13:31+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e8/02/08/42163037_0:79:1500:923_1920x0_80_0_0_d6361e0c4e0d3ed48406c2c1ae0fbc8c.jpg
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) штаб-пәтерінде өткен "ЕАЭО аясында өнеркәсіптік кооперацияны дамытуда цифрлық платформаларды қолдану" атты дөңгелек үстелде қатысушылар тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді жіктеу бойынша ортақ дерекқор құруды ұсынды.Іс-шарада Еуразиялық экономикалық одақтағы өнеркәсіп саласында платформалық экономиканы дамыту мәселелері талқыланды.ЕЭК Өнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары Виталий Вовктің айтуынша, цифрлық платформаларды пайдалану өнеркәсіптің дамуына да, ел ішіндегі және мемлекеттер арасындағы өндірістік ынтымақтастықты кеңейтуге де үлкен мүмкіндік береді.Вовктың айтуынша, әлемдік тәжірибеде "сұраныс бойынша өндіріс" және "өнеркәсіптік Uber" сияқты платформалық технологиялар қарқынды дамып келеді. Бұл шешімдер "цифрлық зауыт" және "цифрлық конструкторлық бюро" тұжырымдамаларын іске асырудың маңызды бөлігі саналады. Осындай үлгілерді дамыған мемлекеттер заманауи өнеркәсіпті дамытуда кеңінен қолданып отыр.Ол өнеркәсіпке цифрлық платформаларды енгізуді кешеуілдету еңбек өнімділігінің төмендеуіне және ЕАЭО елдерінің технологиялық тәуелсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін екенін атап өтті.Дөңгелек үстелге қатысушылар цифрлық платформалардың өнеркәсіптік кооперацияны дамытудағы артықшылықтарын және оларды енгізу барысында кездесетін қиындықтарды талқылады.Кездесу қорытындысында спикерлер тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің, сондай-ақ өндірушілердің ортақ дерекқорын құруды және өнеркәсіп саласына жасанды интеллектті енгізуге арналған ортақ платформаны іске қосуды ұсынды.
https://sputnik.kz/20260701/eaeo-elderinde-otyn-importyna-zhenildik-tagy-bir-zhylga-uzartyldy-64574318.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/08/42163037_83:0:1418:1001_1920x0_80_0_0_253e9ce90d606ae436bba6c30a15cc3f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
ЕАЭО-да тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің ортақ дерекқорын құру ұсынылды
13:11 03.07.2026 (жаңартылды: 13:31 03.07.2026) Сондай-ақ өнеркәсіп саласына жасанды интеллектті енгізуге арналған ортақ платформа іске қосылуы мүмкін
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) штаб-пәтерінде өткен "ЕАЭО аясында өнеркәсіптік кооперацияны дамытуда цифрлық платформаларды қолдану" атты дөңгелек үстелде қатысушылар тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді жіктеу бойынша ортақ дерекқор құруды ұсынды.
Іс-шарада Еуразиялық экономикалық одақтағы өнеркәсіп саласында платформалық экономиканы дамыту мәселелері талқыланды.
ЕЭК Өнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары Виталий Вовктің айтуынша, цифрлық платформаларды пайдалану өнеркәсіптің дамуына да, ел ішіндегі және мемлекеттер арасындағы өндірістік ынтымақтастықты кеңейтуге де үлкен мүмкіндік береді.
"Қазір бизнес пен тұтынушылар арасындағы өзара іс-қимылдың басым бөлігі платформалық экономика арқылы жүзеге асады. Мұндай салалық цифрлық платформалар өнеркәсіпте де қалыптасып келеді", – деді ол.
Вовктың айтуынша, әлемдік тәжірибеде "сұраныс бойынша өндіріс" және "өнеркәсіптік Uber" сияқты платформалық технологиялар қарқынды дамып келеді. Бұл шешімдер "цифрлық зауыт" және "цифрлық конструкторлық бюро" тұжырымдамаларын іске асырудың маңызды бөлігі саналады. Осындай үлгілерді дамыған мемлекеттер заманауи өнеркәсіпті дамытуда кеңінен қолданып отыр.
Ол өнеркәсіпке цифрлық платформаларды енгізуді кешеуілдету еңбек өнімділігінің төмендеуіне және ЕАЭО елдерінің технологиялық тәуелсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін екенін атап өтті.
Дөңгелек үстелге қатысушылар цифрлық платформалардың өнеркәсіптік кооперацияны дамытудағы артықшылықтарын және оларды енгізу барысында кездесетін қиындықтарды талқылады.
Кездесу қорытындысында спикерлер тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің, сондай-ақ өндірушілердің ортақ дерекқорын құруды және өнеркәсіп саласына жасанды интеллектті енгізуге арналған ортақ платформаны іске қосуды ұсынды.