Қазақстан автожолдарында "ақылды" камералар сынақтан өтіп жатыр

© Photo : ҚазАвтоЖолҚазақстан автожолдарында "ақылды" камералар сынақтан өтіп жатыр
Қазақстан автожолдарында ақылды камералар сынақтан өтіп жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2026
Жазылу
Құрылғылар жолдағы жағдайды нақты уақыт режимінде бақылап, деректерді тиісті қызметтерге жеткізеді
АЛМАТЫ, 8 шілде - Sputnik. Қазақстан автожолдарында "ақылды" камералар сынақтан өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол.
Соңғы күндері әлеуметтік желілерде жүргізушілер автожолдар бойындағы ерекше құрылғылардың суреттерін бөлісіп, түрлі сұрақтар қоя бастаған болатын.

Бұл – "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы жол саласын цифрландыру аясында енгізіп жатқан жасанды интеллект элементтері бар жаңа бейнеаналитика жүйесі.

"Жүйенің басты ерекшелігі – автономды жұмыс істеуі. Яғни құрылғылар әдеттегі инфрақұрылым жоқ шалғай жол учаскелерінде де қызмет ете алады. Ол үшін камералар күн панельдерімен және жел генераторларымен жабдықталады", - дейді компания.

Құрылғылар күн мен желден қуат алып, жолдағы жағдайды нақты уақыт режимінде бақылап, деректерді тиісті қызметтерге жеткізеді, деййді ҚазАвтоЖол.
Жасанды интеллект жолдағы ықтимал қауіпті жағдайларды анықтауға мүмкіндік береді.
Бейнекамера - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.12.2025
Қосшыда жасанды интеллекті бар 1,5 мың камера іске қосылды
Жаңалықтар
0