https://sputnik.kz/20251214/qosshyda-zhasandy-intellekti-bar-15-myn-kamera-iske-qosyldy-59596395.html
Қосшыда жасанды интеллекті бар 1,5 мың камера іске қосылды
Қосшыда жасанды интеллекті бар 1,5 мың камера іске қосылды
Sputnik Қазақстан
Жедел басқару орталығы мониторинг пен әрекет етудің бірыңғай нүктесі ретінде қалыптастырылған 14.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-14T12:03+0500
2025-12-14T12:03+0500
2025-12-14T12:03+0500
бейнекамера
министрлік
әкім
https://sputnik.kz/img/321/92/3219238_0:211:1722:1180_1920x0_80_0_0_8f63b393540b7d5c7c7a95dd9f4f1550.jpg
АСТАНА, 14 желтоқсан - Sputnik. Қосшы қаласында мың бейнебақылау камерасы іске қосылды, деп хабарлады Ақмола облысының әкімдігі.Жедел басқару орталығы мониторинг пен әрекет етудің бірыңғай нүктесі ретінде қалыптастырылған. Мұнда полиция департаментінің қызметкерлері мен әкімдіктің коммуналдық қызметтері бірлесіп жұмыс атқарады. Орталық мамандары абаттандыру, жол инфрақұрылымы, коммуналдық желілер және қалалық шаруашылықтың өзге де бағыттары бойынша тұрғындардың өтініштерін жедел қабылдап, пысықтайды.Жүйеге сондай-ақ азаматтардың жедел қызметтермен шұғыл байланысуына арналған екі SOS батырмасы, биік ғимараттарға орнатылған үш жоғары дәлдіктегі камера, сондай-ақ құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейтін сегіз мобильді патруль енгізілген. Олардың бірі жедел жәрдем көлігіне орналастырылған.Әкімдікте хабарлағандай, Қосшы қаласының әкімдігімен полициясы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету міндеттерін орындау үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарын белсенді түрде пайдаланып жатыр.
https://sputnik.kz/20250826/pilottyq-zhoba-akimdik-qosshy-qalasynan-turgyndar-ushin-400-ge-zhuyq-pater-satyp-aldy-56615532.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/321/92/3219238_0:134:1579:1318_1920x0_80_0_0_cb2af4657fb1963ced707a5ae94d2445.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бейнекамера, министрлік, әкім
бейнекамера, министрлік, әкім
Қосшыда жасанды интеллекті бар 1,5 мың камера іске қосылды
Жедел басқару орталығы мониторинг пен әрекет етудің бірыңғай нүктесі ретінде қалыптастырылған
АСТАНА, 14 желтоқсан - Sputnik. Қосшы қаласында мың бейнебақылау камерасы іске қосылды, деп хабарлады Ақмола облысының
әкімдігі.
"Қалада 1000 жаңа бейнебақылау камерасы іске қосылып, бұған дейін орнатылған тағы 500-ге жуық камера жасанды интеллект элементтері бар бірыңғай зияткерлік платформаға біріктірілді. Барлық бейнеағын тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейтін қалалық жаңа Жедел басқару орталығына шоғырландырылады", - деп жазылған хабарламада.
Жедел басқару орталығы мониторинг пен әрекет етудің бірыңғай нүктесі ретінде қалыптастырылған. Мұнда полиция департаментінің қызметкерлері мен әкімдіктің коммуналдық қызметтері бірлесіп жұмыс атқарады. Орталық мамандары абаттандыру, жол инфрақұрылымы, коммуналдық желілер және қалалық шаруашылықтың өзге де бағыттары бойынша тұрғындардың өтініштерін жедел қабылдап, пысықтайды.
Жүйеге сондай-ақ азаматтардың жедел қызметтермен шұғыл байланысуына арналған екі SOS батырмасы, биік ғимараттарға орнатылған үш жоғары дәлдіктегі камера, сондай-ақ құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейтін сегіз мобильді патруль енгізілген. Олардың бірі жедел жәрдем көлігіне орналастырылған.
"Қосшы 1,5 мың жасанды интеллекті бар камераны біріктіретін бірегей цифрлық платформа аясында тоғыстырған алғашқы қала болды. Бұл Қосшы тұрғындары үшін құқықтық тәртіп пен қолайлы ортаны қамтамасыз ететін орталық", - деді Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов.
Әкімдікте хабарлағандай, Қосшы қаласының әкімдігімен полициясы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету міндеттерін орындау үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарын белсенді түрде пайдаланып жатыр.