Пилоттық жоба: әкімдік Қосшы қаласынан тұрғындар үшін 400-ге жуық пәтер сатып алды

Әкімдік Қосшы қаласынан тұрғындар үшін 371 пәтер сатып алды
Әкімдік Қосшы қаласынан тұрғындар үшін 371 пәтер сатып алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2025
Жазылу
Тұрғын үйді бөлу бойынша пилоттық жоба дәл осы Қосшыда басталды
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Елімізде алғаш рет тұрғын үйді бөлу бойынша пилоттық жоба Қосшы қаласында іске қосылды, деп хабарлады Ақмола облысының әкімдігі.
Әкімдік мұқтаж азаматтарға үлестіру үшін 371 пәтерді Отбасы банкке тапсырды. Бүгін облыс әкімі Марат Ахметжанов банк өкілдігіне пәтерлердің сертификатын табыстады.
"Тұрғын үйді бөлу бойынша пилоттық жоба дәл осы Қосшыда басталды. Бөлінген 371 пәтердің 261-ін әлеуметтік осал топтағы отбасылар жаңа бағдарлама аясында жекешелендіру құқығымен жалға алса, 110 отбасы несиеге баспана ала алады", – деді өңір басшысы.
"Отбасы банк" АҚ өңірлік филиалының директоры Алмат Нұрахметовтің айтуынша, пилоттық жоба аясында толық ашықтық қағидаты енгізілген. Яғни, барлық процесс автоматтандырылған, адами фактор жоқ. Жүйе кезектілікті өзі айқындайды, әр азамат тәулік бойы онлайн режимде өз мәртебесін қадағалай алады.
Әкімдік мәліметінше, соңғы екі жылда Ақмола облысында мемлекеттік қолдау шаралары арқылы 4 787 отбасы баспанамен қамтылды, оның ішінде 1 536 пәтер мұқтаж азаматтарға берілді. Бір ғана Қосшы қаласында биылдың өзінде 560 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.
Долгожданное новоселье отмечают жители Жетысуской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2025
Баспана кезегіне тағы 70 мың адам қосылды – министр
Жаңалықтар
0