"Газпромнан" "Нафтогазға" 1,4 млрд доллар өндіру туралы шешімнің күші жойылды

© Sputnik / Александр ГальперинВывеска на офисе ПАО "Газпром". Архивное фото
Вывеска на офисе ПАО Газпром. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2026
Жазылу
Мамыр айында АХҚО соты осы шешімді тану және орындау туралы қаулы қабылдаған еді
АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) соты "Газпромнан" "Нафтогаз" пайдасына 1,4 млрд доллар өндіріп алу туралы бұрын шығарылған шешімнің күшін жойды.
"Сот АХҚО туралы Конституциялық заң сотқа 13-бапта көзделген юрисдикциялық негіздерге жатпайтын шетелдік арбитраж шешімдерін орындауға өкілеттік бермейді деген қорытындыға келді", – делінген сот түсіндірмесінде.
2025 жылғы маусымда Халықаралық сауда палатасы жүйесіне кіретін Швейцария арбитражы "Газпром" мен "Нафтогаз" арасындағы дау бойынша шешім шығарған болатын.
Ал мамыр айында АХҚО соты осы шешімді тану және орындау туралы қаулы қабылдаған еді. Кейін Қазақстанның Әділет министрлігі аталған шешімнің республика аумағында орындалмайтынын мәлімдеді.
Министрлік мұны Қазақстан заңнамасында ел юрисдикциясына жатпайтын дауларды қарау және олар бойынша қабылданған шешімдерді орындау тетіктері қарастырылмауымен байланыстырып түсіндірді.
Оренбургский газоперерабатывающий завод - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2026
АХҚО сотының "Газпром" ісі бойынша шешімі Қазақстанда орындалмайды – министрлік
Жаңалықтар
0