АХҚО сотының "Газпром" ісі бойынша шешімі Қазақстанда орындалмайды – министрлік

© Photo : ООО "Газпром переработка"Оренбургский газоперерабатывающий завод
Оренбургский газоперерабатывающий завод - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2026
Жазылу
Әділет министрлігі шешімнің неліктен Қазақстан аумағында орындалмайтынын түсіндірді
АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. АХҚО сотының "Газпром" және "Нафтогаз" ісі бойынша шешімі Қазақстан аумағында орындалмайды, деп хабарлады Қазақстанның әділет министрлігі.
2025 жылдың маусымында Халықаралық сауда палатасының құрамына кіретін Швейцарияның төрелік соты "Газпром" мен "Нафтогаз" арасындағы дау бойынша шешім шығарды.

Мамырда АХҚО соты шешім шығарды. Ол түпкілікті емес, хабарландыру сипатында және әлі заңды күшіне енген жоқ. Сот бұйрығы жауапкердің қатысуынсыз шығарылды. Жауапкер шешімнің күшін жою туралы өтініш беруге құқылы, содан кейін екі тараптың қатысуымен толық тыңдау өтеді.

АХҚО сотының шешімі неге Қазақстан аумағында орындалмайды

Қазақстан онымен ешқандай құқықтық байланысы жоқ шешімдерді орындау үшін транзиттік алаңға айналмайды. Елдің құқықтық тетіктері оның юрисдикциясынан тыс дауларды шешуді көздемейді, сондықтан АХҚО сотының шешімі Қазақстанда орындалмайды.

Айта кетері, істе АХҚО-мен юрисдикциялық байланыстың базалық элементтері жоқ: "Газпром" ААҚ АХҚО қатысушысы емес, даулы мәміле АХҚО-да жасалмаған, дау АХҚО құқығымен реттелмеген және тараптар мойындау және орындау мәселелерін АХҚО сотына жолдау туралы келісімге келмеген. Өз кезегінде "Астана халықаралық қаржы орталығы туралы" Конституциялық заң АХҚО сотының юрисдикциясын АХҚО сотына қатысты және тараптардың келісімі бойынша қарау үшін оған берілген даулардың нақты санаттарымен шектейді.
Қазақстан 1958 жылғы Нью-Йорк конвенциясының талаптарын сақтайды. Оған сәйкес, шетелдік төрелік шешімдерді орындау мемлекеттің процессуалдық нормаларына сәй жүзеге асырылады.
Бұл жерде Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуалдық кодексі қолданылады. 503-бабы бойынша мәжбүрлеп орындау туралы арыз дау қаралған жерде немесе заңды тұлғаның органы орналасқан жердегі сотқа жіберіледі. Ал оның орналасқан жері белгісіз болса, борышкердің мүлкі орналасқан жерде жазылады. "Газпромның" орналасқан жері белгілі. Бұл – маңызды процессуалдық бағдар. Оны елемеуге болмайды. "

Бүгінде АХҚО-ға кез келген адам арыз түсіре алады. Бірақ бұл соттың тиісті юрисдикциясы бар деген сөз емес. АХҚО-дағы сот процесі әлі аяқталған жоқ. Сот екі жақты тыңдайды. Одан кейін нақты шешім қабылдайды. Осы орайда әділет министрлігі шетелде шығарылған төрелік шешімдерді мемлекет аумағында орындау және тануға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына тиісті өзгерістерді енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл жерде тағы бір маңызды мәселене айта кеткен жөн. "Астана" Халықаралық қаржы орталығы туралы" конституциялық заңы бойынша АХҚО сотына АХҚО-ға қатысы бар мәселелерге немесе дауларды АХҚО сотына өзара келісім берген тараптарға қатысты юрисдикциялық құзіреттер берілген.

Бұған дейін әділет вице-министрі Даниель Ваисов АХҚО сотында дау мәні бойынша емес, Швейцарияда шығарылған төрелік шешімді тану мәселесі ғана қаралғанын айтқан.
Фемида мүсіні - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2026
"Газпром" мен "Нафтогаз" дауы бойынша АХҚО шешіміне Қазақстанның қатысы жоқ - министрлік
Жаңалықтар
0