Елордада қыз балаларға арналған робототехника лагері ашылды

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаГлава государства посетил Дворец школьников SANA в Астане
Глава государства посетил Дворец школьников SANA в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2026
Жазылу
Жазда RoboTechnoGirls лагеріне 50-ден астам қыз қатысады деп жоспарланып отыр
АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. Астанада қыздардың робототехникаға, жасанды интеллектке, инженерияға және заманауи технологияларға қызығушылығын арттыруға бағытталған RoboTechnoGirls 2026 жазғы білім беру лагері жұмысын бастады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
1 шілдеде лагерьдің алғашқы легінде 10-13 жас аралығындағы 35 оқушы қыз білім алуды бастады. Жобаға деген жоғары қызығушылыққа байланысты 13 шілдеден бастап екінші лек іске қосылады. Биылғы жазда RoboTechnoGirls лагеріне 50-ден астам қыз қатысады деп жоспарланып отыр.
"Бес аптаға созылатын оқу бағдарламасы барысында қатысушылар робототехника мен бағдарламалау негіздерін меңгеріп, жасанды интеллект технологияларымен танысады. Сонымен қатар командалық жобалар әзірлеп, STEM саласындағы әйел мамандардың шеберлік сабақтары мен дәрістеріне қатысады", – дейді әкімдік өкілдері.
Бағдарлама аясында экскурсиялар, тәжірибелік сабақтар және қорытынды робототехника турнирі ұйымдастырылады.
RoboTechnoGirls жобасы үшінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Бүгінде ол қыздардың технологиялық білімге қызығушылығын арттырып, инженерлік және цифрлық дағдыларын дамытуға, сондай-ақ болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға ықпал ететін маңызды білім беру алаңына айналды.
Робототехника бойынша әлем чемпионатының жүлдегері Stanford университетінің толық грантын иеленді - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2026
Робототехника бойынша әлем чемпионы: қазақстандық оқушы Stanford-тың толық грантын иеленді
Жаңалықтар
0