ӘЧ-2026: Аргентина Мысырды жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына шықты

© REUTERS BRETT DAVISАргентина Мысырды жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына шықты
Аргентина Мысырды жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына шықты - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2026
Жазылу
Аргентина құрамасы Египетті 3:2 есебімен тізе бүктірді
АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. Аргентина құрамасы Египетті 3:2 есебімен тізе бүктірді.
© REUTERS BRETT DAVISСборная Аргентины обыграла Египет на ЧМ
Сборная Аргентины обыграла Египет на ЧМ - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2026
Сборная Аргентины обыграла Египет на ЧМ
Ойын аяқталуына 11 минут қалғанда 2:0 есебімен ұтылып жатқан аргентиналықтар нағыз мінез көрсетті. Кристиан Ромеро есеп айырмасын қысқартса, араға төрт минут салып Лионель Месси таразы басын теңестірді. Лионель Скалони шәкірттері керемет камбэк жасап, матч соңында жеңісті жұлып алды. Осылайша жарыстың келесі кезеңіне жолдама алды.
© REUTERS BRETT DAVISАргентина Мысырды жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына шықты
Лионель Месси расплакался после матча с Египтом - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2026
Аргентина Мысырды жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына шықты
Матч аяқталған соң эмоциясын жасыра алмаған Месси көз жасына ерік берді. Ол Мысыр құрамасына қарсы өткен маңызды кездесуде 9-шы нәтижелі пасын беріп, Әлем чемпионаттары тарихындағы ең үздік нәтижелі ассистент атанды.
Аргентина – қазіргі әлем чемпионы. Құрама өз тарихында үш рет: 1978, 1986 және 2022 жылдары әлем чемпионы атанды.
Енді ширек финалда Аргентина құрамасы Швейцариямен кездеседі. Әлем чемпионаты 19 шілдеде аяқталады.
Криштиану Роналду  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2026
ӘЧ-2026: Испания Португалияны жеңіп, ширек финалға шықты
Жаңалықтар
0