ӘЧ-2026: Испания Португалияны жеңіп, ширек финалға шықты

© sports.kzКриштиану Роналду
Криштиану Роналду  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2026
Жазылу
Бұл матч 41 жастағы Криштиану Роналдудың әлем чемпионатындағы соңғы ойыны болды
АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Әлем чемпионатының 1/8 финалында Испания мен Португалия құрамалары кездесті.
Ойын Испанияның 1:0 есебімен жеңісімен аяқталды.
© sports.kzИспания Португалияны жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына шықты
Испанцы вышли в четвертьфинал чемпионата мира по футболу - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2026
Испания Португалияны жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына шықты
Командалар бірінші таймда есеп аша алмады, ал екінші таймның басым бөлігінде екі жақтың күші тең болды. Ойынның 91-ші минутта, яғни қосымша уақыттың басында испаниялық Микель Мерино гол соқты.
Ширек финалда Испания құрамасы АҚШ-ты 4:1 есебімен ойсырата жеңген Бельгиямен кездеседі.
© sports.kzКриштиану Роналду
Криштиану Роналду  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2026
Криштиану Роналду
Ал португалиялық ойыншы Криштиану Роналду үшін бұл соңғы әлем чемпионаты болды. Ол 2006 жылдан бері алты әлем чемпионатына қатысқан. Ойын аяқталғаннан кейін ол көз жасына ерік берді. Роналду Португалия құрамасының әлем чемпионаттарындағы ең үздік мергені атанды.
Матч Франция - Сенегал - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2026
Футболдан әлем чемпионатында 1/8 финалға шығатын командалар анықталды
Жаңалықтар
0