Тоқаев екінші мерзімге қайта сайлана алады

Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2026
Жазылу
Президенттің өтінішін қарау қорытындысы бойынша Конституциялық сот ресми түсіндірме берді
АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Конституциялық соттың қаулысына сәйкес Қасым-Жомарт Тоқаев екінші мерзімге қайта сайлануы мүмкін.
"1995 жылғы Конституцияға сәйкес осы конституциялық нормаларда көрсетілген лауазымдарды атқаратын тұлғалар 2026 жылғы Конституция күшіне енгеннен кейін тиісті лауазымдарға сайлануы немесе тағайындалуы мүмкін", - делінген хабарламада.
Осылайша, жаңа Конституция президентке тағы да сайлауға түсуге мүмкіндік береді.
Қасым-Жомарт Тоқаев 73 жаста. Ол 1953 жылы 17 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 2019 жылы 20 наурызда ол Қазақстан Республикасының президенті ретінде ант қабылдады.
2019 жылы 9 маусымда өткен кезектен тыс президенттік сайлауда ол 70,96% дайыс жинап, жеңіске жетті және ҚР президенті болып сайланды. 12 маусымда Конституциясының 42-бабына сәйкес ант қабылдап, мемлекет басшысы қызметіне ресми түрде қызметке кірісті.
2022 жылы 20 қарашада өткен кезектен тыс президенттік сайлауда ол жалпы дауыстың 81,31%-ін жинап, жеңіске жетті. Президенттің инаугурация рәсімі 2022 жылы 26 қарашада өтті.
Республикалық референдум - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2026
Жаңа Конституция қабылданды деп танылсын: референдумның қорытындысы шығарылды
Жаңалықтар
0