Жаңа Конституция қабылданды деп танылсын: референдумның қорытындысы шығарылды

© Sputnik / Санат ИмангалиевРеспубликалық референдум
Республикалық референдум - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2026
Жазылу
Референдумда жаңа Конституцияны қолдап дауыс берген азаматтардың саны – 7 954 667 немесе дауыс беруге қатысқандардың 87,15%-іне тең
АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Орталық референдум комиссиясы Қазақстанныі жаңа Конституциясы бойынша 15 наурызда өткен дауыс беру қорытындысын жариялады.

"Дауыс беруге референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі немесе 73,12 пайызы қатысқандықтан, "Сіз жобасы 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?" деген сұрақ бойынша референдум өтті деп есептелсін", - деп жазылған хабарламада.

Жаңа Конституция қабылданды деп танылсын: референдумның қорытындысы шығарылды
Жаңа Конституция қабылданды деп танылсын: референдумның қорытындысы шығарылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2026
Жаңа Конституция қабылданды деп танылсын: референдумның қорытындысы шығарылды
Ресми мәліметке сәйкес, референдумда жаңа Конституцияны қолдап дауыс берген азаматтардың саны – 7 954 667 немесе дауыс беруге қатысқандардың 87,15%-іне тең.
Сонымен қатар:
референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан азаматтарының жалпы саны – 12 482 613;
дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны – 9 127 192 немесе 73,12 процент;
референдумға шығарылған мәселенің теріс шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны – 898 099;
жарамсыз деп танылған бюллетеньдердің саны – 146 558.
"Республикалық референдумға дауыс беру үшiн шығарылған жаңа Конституция қабылданды деп есептелсiн, өйткенi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екiсiнде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы немесе 87,15 пайызы оң шешiм қабылдады", - деді комиссия басшысы Нұрлан Әбдіров.
Референдум в Казахстане 15 марта 2026 года  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2026
Жаңа Конституция бойынша референдум: exit poll нәтижесі жарияланды
Жаңалықтар
0