https://sputnik.kz/20260707/qazaqstanda-2026-2027-zhyldary-zheti-alem-chempionaty-otedi-64724185.html
Қазақстанда 2026-2027 жылдары жеті әлем чемпионаты өтеді
Қазақстанда 2026-2027 жылдары жеті әлем чемпионаты өтеді
Sputnik Қазақстан
2027 жылы әлем чемпионаттарының барлығы Астана қаласында ұйымдастырылады 07.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-07T12:01+0500
2026-07-07T12:01+0500
2026-07-07T12:01+0500
туризм
чемпионат
астана
министрлік
https://sputnik.kz/img/07ea/02/13/61271551_103:84:1280:746_1920x0_80_0_0_24b88483c7963fd15170c60ff5c6f731.jpg
АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Биыл еліміз күрес түрлерінен әлем чемпионатын қабылдаса, 2027 жылы олимпиадалық спорт түрлері бойынша үстел теннисі, дзюдо, бокс, таеквондо, сондай-ақ киберспорт пен шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаттары ұйымдастырылады. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады.2027 жылы әлем чемпионаттарының барлығы Астана қаласында ұйымдастырылады. Атап айтқанда:Киберспорттан әлем чемпионатының нақты мерзімі кейінірек жарияланады.Әлем чемпионаттарына дүниежүзінің ең үздік спортшылары қатысады деп жоспарланған. Ауқымды халықаралық жарыстар оқиғалық туризмнің дамуына, қонақүй бизнесінің жандануына, қызмет көрсету саласы мен инфрақұрылымның дамуына оң әсерін тигізіп, Қазақстанның халықаралық имиджін одан әрі нығайтпақ.
https://sputnik.kz/20260623/qazaqstanda-algash-ret-manerlep-syrganaudan-tort-qurlyqtyn-chempionaty-otedi--64363404.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/02/13/61271551_206:79:1222:841_1920x0_80_0_0_3ce427c846eca3a2f59f9ef6458dc246.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
туризм, чемпионат, астана, министрлік
туризм, чемпионат, астана, министрлік
Қазақстанда 2026-2027 жылдары жеті әлем чемпионаты өтеді
2027 жылы әлем чемпионаттарының барлығы Астана қаласында ұйымдастырылады
АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Биыл еліміз күрес түрлерінен әлем чемпионатын қабылдаса, 2027 жылы олимпиадалық спорт түрлері бойынша үстел теннисі, дзюдо, бокс, таеквондо, сондай-ақ киберспорт пен шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаттары ұйымдастырылады. Бұл туралы
Туризм және спорт министрлігі хабарлады.
2027 жылы әлем чемпионаттарының барлығы Астана қаласында ұйымдастырылады. Атап айтқанда:
шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты - 28-31 қаңтарда;
бокстан әлем чемпионаты 10-26 сәуірде;
үстел теннисінен әлем чемпионаты 22-30 мамырда;
дзюдодан әлем чемпионаты 1-14 маусымда;
таеквондодан әлем чемпионаты 7-13 шілде күндері өтеді.
Киберспорттан әлем чемпионатының нақты мерзімі кейінірек жарияланады.
"Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет еліміз екі жыл ішінде жеті әлем чемпионатын өткізу құқығына ие болды. Бұл – Қазақстанның спорт инфрақұрылымы мен ұйымдастырушы әлеуетінің жоғары деңгейде екенін айғақтайтын маңызды жетістік. Сонымен қатар бұл әлемдік спорт қауымдастығы алдындағы зор жауапкершілікті де білдіреді", - дейді министрлік.
Әлем чемпионаттарына дүниежүзінің ең үздік спортшылары қатысады деп жоспарланған. Ауқымды халықаралық жарыстар оқиғалық туризмнің дамуына, қонақүй бизнесінің жандануына, қызмет көрсету саласы мен инфрақұрылымның дамуына оң әсерін тигізіп, Қазақстанның халықаралық имиджін одан әрі нығайтпақ.