ЕАЭО елдері мен Перу арасындағы сыртқы сауда айналымы 679,2 млн долларға жетті – ЕЭК

© Photo : Пресс-служба ЕЭКЕЭК алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев Перудің Ресейдегі елшісі Мануэль Аугусто де Коссио Клювермен кездесті
ЕЭК алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев Перудің Ресейдегі елшісі Мануэль Аугусто де Коссио Клювермен кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2026
Жазылу
2025 жылы елдер арасындағы сауда қатынастары шамамен 14%-ға өсті
АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев Перудың Ресейдегі Елшісі Мануэль Аугусто де Коссио Клювермен кездесті.
ЕЭК деректеріне сәйкес, 2025 жылы ЕАЭО елдері мен Перу арасындағы сыртқы сауда айналымы 679,2 миллион долларды құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 13,7%-ке артты.
© Photo : Пресс-служба ЕЭКЕЭК алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев Перудің Ресейдегі елшісі Мануэль Аугусто де Коссио Клювермен кездесті
Председатель Коллегии ЕЭК Бакытжан Сагинтаев встретился с послом Перу в России Мануэлем Аугусто де Коссио Клювером - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2026
ЕЭК алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев Перудің Ресейдегі елшісі Мануэль Аугусто де Коссио Клювермен кездесті
Сағынтаев бұл қалыптасқан ынтымақтастық көпжақты өлшеммен табиғи түрде толықтырылып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ, ол ЕЭК пен Анд қауымдастығы арасындағы диалогты дамытуға ықпал еткені үшін Перу тарапына алғысын білдірді.

"Мұндай көпжақты форматтар ЕАЭО мен Латын Америкасы аймағы арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтудің катализаторы болып табылады. Біз Перудың Комиссия мен Анд қауымдастығы арасындағы байланыстырушы буын ретінде белсенді рөл атқаруын жалғастыра беретініне үміттенеміз", - деп қорытындылады Бақытжан Сағынтаев.

© Photo : Пресс-служба ЕЭКЕЭК алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев
Председатель Коллегии ЕЭК Бакытжан Сагинтаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2026
ЕЭК алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев
Сонымен қатар, тараптар 2015 жылы қол қойылған Өзара түсіністік туралы меморандум аясында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен Перу арасындағы ынтымақтастықтың нәтижелері мен перспективаларын талқылады.
© Photo : Пресс-служба ЕЭКПерудың Ресейдегі елшісі Мануэль Аугусто де Коссио Клювер
Посол Перу в России Мануэль Аугусто де Коссио Клювер - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2026
Перудың Ресейдегі елшісі Мануэль Аугусто де Коссио Клювер
"Меморандумды іске асыру барысында біз практикалық ынтымақтастықта айтарлықтай тәжірибе жинақтадық. Бірлескен жұмыс тобының отырыстары 2016 жылы Лимада және 2019 жылы Мәскеуде өтті, оған біздің елдеріміздің мемлекеттік органдары мен бизнес қауымдастықтарының өкілдері қатысты", - деп атап өтті Сағынтаев.
Флаги ЕАЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2026
ЕАЭО-да тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің ортақ дерекқорын құру ұсынылды
Жаңалықтар
0