https://sputnik.kz/20260706/prezident-astana--egemen-elimizdin-zhuregi-64698729.html
Президент: Астана – егемен еліміздің жүрегі
Президент: Астана – егемен еліміздің жүрегі
Sputnik Қазақстан
Президент елорда Әділетті Қазақстанды құру жолында үлгі-өнеге көрсетіп, өсіп-өркендей беретініне сенім білдіріп 06.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-06T09:06+0500
2026-07-06T09:06+0500
2026-07-06T09:08+0500
президент
құттықтау
астана
https://sputnik.kz/img/07ea/07/02/64621687_0:57:1280:777_1920x0_80_0_0_e5e5e0514293c88130aa59892dd291d6.jpg
АСТАНА, 6 шілде – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.Мемлекет басшысы елордада саябақтар, гүлзарлар, балаларға арналған алаңдар салынып, осының бәрі Астана тұрғындары мен қонақтары үшін жасалып жатқанын айтты."Елорда күні қарсаңында ұлт жылнамасындағы түбегейлі бетбұрыс кезеңіне жол ашқан Халық Конституциясы заңды күшіне енді. Мұның символдық мәні бар. Шын мәнінде, осы тарихи оқиға билік пен қоғамның негізгі институттарын жаңғырту ісінің бастауы саналады", - деді Тоқаев.Президенттің айтуынша, елорданың мәртебесі туралы жаңа конституциялық заң Астананың саяси, әкімшілік, экономикалық және мәдени орталық ретіндегі рөлін күшейтіп, оның мемлекет дамуындағы айрықша мән-маңызын айқындай түсті.Тоқаев елорда Әділетті Қазақстанды құру жолында үлгі-өнеге көрсетіп, өсіп-өркендей беретініне сенім білдіріп, Астана тұрғындары мен барша қазақстандыққа амандық және табыс тіледі.
https://sputnik.kz/20260706/qazaqstandyqtar-astana-kunin-atap-otip-zhatyr-64698233.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/02/64621687_85:0:1196:833_1920x0_80_0_0_2918ef2f6fa6c86ba30a575e1a1ca7a0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, құттықтау, астана
президент, құттықтау, астана
Президент: Астана – егемен еліміздің жүрегі
09:06 06.07.2026 (жаңартылды: 09:08 06.07.2026) Президент елорда Әділетті Қазақстанды құру жолында үлгі-өнеге көрсетіп, өсіп-өркендей беретініне сенім білдіріп
АСТАНА, 6 шілде – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
"Астана – егемен еліміздің жүрегі. Елордамыз – Тәуелсіз Қазақстанның символы, жарқын болашаққа ұмтылған ұлтымыздың жасампаз күш-қуатының қайнары. Халқымыздың тағдырына тікелей әсер ететін шешімдер осы қалада қабылданады. Бас қаламыз ауқымды тарихи өзгерістердің қозғаушы күшіне айналды. Астана сапалық тұрғыдан мүлде жаңа басқару жүйелері енгізілген "ақылды қала" мәртебесіне ие болды", - деді президент.
Мемлекет басшысы елордада саябақтар, гүлзарлар, балаларға арналған алаңдар салынып, осының бәрі Астана тұрғындары мен қонақтары үшін жасалып жатқанын айтты.
"Елорда күні қарсаңында ұлт жылнамасындағы түбегейлі бетбұрыс кезеңіне жол ашқан Халық Конституциясы заңды күшіне енді. Мұның символдық мәні бар. Шын мәнінде, осы тарихи оқиға билік пен қоғамның негізгі институттарын жаңғырту ісінің бастауы саналады", - деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, елорданың мәртебесі туралы жаңа конституциялық заң Астананың саяси, әкімшілік, экономикалық және мәдени орталық ретіндегі рөлін күшейтіп, оның мемлекет дамуындағы айрықша мән-маңызын айқындай түсті.
"Бас шаһардың халықаралық абырой-беделі де нығайып келеді. Аймақтық және жаһандық саясаттың аса өзекті мәселелеріне қатысты шешімдердің Астанада қабылдануы – соның айқын дәлелі. Бас қаламыз жауапты азаматтық ұстанымға, "Заң мен Тәртіпке", "Таза Қазақстан" қағидаттарына негізделген жаңа қоғамдық этиканың жарқын көрінісі болуға тиіс", - деді мемлекет басшысы.
Тоқаев елорда Әділетті Қазақстанды құру жолында үлгі-өнеге көрсетіп, өсіп-өркендей беретініне сенім білдіріп, Астана тұрғындары мен барша қазақстандыққа амандық және табыс тіледі.