https://sputnik.kz/20260705/toqaev-dombyra---tol-madenietimizdin-myzgymas-tugyry--64686942.html
Тоқаев: Домбыра - төл мәдениетіміздің мызғымас тұғыры
Тоқаев: Домбыра - төл мәдениетіміздің мызғымас тұғыры
Sputnik Қазақстан
Президент қазақстандықтарды Ұлттық Домбыра күнімен құттықтады 05.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-05T08:59+0500
2026-07-05T08:59+0500
2026-07-05T09:11+0500
қасым-жомарт тоқаев
домбыра күні
мереке
https://sputnik.kz/img/07e5/06/10/17364616_0:240:1280:960_1920x0_80_0_0_f4cc7e97e74e4b978458ebd3ddd383af.jpg
АСТАНА, 5 мшілде - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық Домбыра күнімен құттықтады.Айтуынша, жаһандық сын-қатерлер күшейіп, дәстүрлі құндылықтар көмескіленген қазіргідей алмағайып заманда Ұлы даланың мол мұрасы, әсіресе, қара Домбырамыз төл мәдениетіміздің мызғымас тұғыры болып қала береді. Халықаралық қауымдастыққа қазақ Домбырасының сазды әуенін таныстыру – біздің жалпыұлттық парызымыз. "Ақын Қадыр Мырза Әлінің "Нағыз қазақ – Домбыра" деген тамаша теңеуі Домбыраны кеңінен дәріптеу ісінде темірқазық іспеттес болуға тиіс деп ойлаймын. 1 шілдеде, яғни Домбыра күні қарсаңында мемлекеттілік жылнамасының жаңа парағын ашқан Халық Конституциясы заңды күшіне енді. Мұның символдық мәні айрықша. Тарихи-мәдени мұраны сақтау, төл мәдениетті қолдау алғаш рет шын мәнінде халық Ата заңының негізгі қағидаты ретінде айқындалды", - деді президент.Тоқаев ұлттық өнерімізді Қазақстанда, шет елдерде жоғары деңгейде насихаттауға өнегелі ісімен, салмақты сөзімен атсалысып жүрген барша адамға ризашылығын білдірді.
https://sputnik.kz/20260704/ulttyq-dombyra-kunine-oray-2-mynnan-astam-madeni-is-shara-otedi-64678934.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/10/17364616_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_925ab6559cea6eeb98cba0f1d10089e7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, домбыра күні, мереке
қасым-жомарт тоқаев, домбыра күні, мереке
Тоқаев: Домбыра - төл мәдениетіміздің мызғымас тұғыры
08:59 05.07.2026 (жаңартылды: 09:11 05.07.2026) Президент қазақстандықтарды Ұлттық Домбыра күнімен құттықтады
АСТАНА, 5 мшілде - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық Домбыра күнімен құттықтады.
"Домбыра арқылы тереңнен тамыр тартқан төл құндылықтарымыз жұрт жадында жаңғырып, төрге озады. Осылайша, дәуірлер мен ұрпақтар арасындағы сабақтастық сақталып келеді. Қасиетті аспабымыз қуанышты сәттерде де, қиын кездерде де берекелі бірлігімізді нығайтып, елдің рухын асқақтатуға себепкер болды. Домбыраның күмбірі азаматтарымызды жігерлендіреді, алға нық қадам жасауды көздеген рухани бағыт-бағдарымызбен үндеседі", - деді Тоқаев.
Айтуынша, жаһандық сын-қатерлер күшейіп, дәстүрлі құндылықтар көмескіленген қазіргідей алмағайып заманда Ұлы даланың мол мұрасы, әсіресе, қара Домбырамыз төл мәдениетіміздің мызғымас тұғыры болып қала береді. Халықаралық қауымдастыққа қазақ Домбырасының сазды әуенін таныстыру – біздің жалпыұлттық парызымыз.
"Ақын Қадыр Мырза Әлінің "Нағыз қазақ – Домбыра" деген тамаша теңеуі Домбыраны кеңінен дәріптеу ісінде темірқазық іспеттес болуға тиіс деп ойлаймын. 1 шілдеде, яғни Домбыра күні қарсаңында мемлекеттілік жылнамасының жаңа парағын ашқан Халық Конституциясы заңды күшіне енді. Мұның символдық мәні айрықша. Тарихи-мәдени мұраны сақтау, төл мәдениетті қолдау алғаш рет шын мәнінде халық Ата заңының негізгі қағидаты ретінде айқындалды", - деді президент.
Тоқаев ұлттық өнерімізді Қазақстанда, шет елдерде жоғары деңгейде насихаттауға өнегелі ісімен, салмақты сөзімен атсалысып жүрген барша адамға ризашылығын білдірді.