https://sputnik.kz/20260704/ulttyq-dombyra-kunine-oray-2-mynnan-astam-madeni-is-shara-otedi-64678934.html
Ұлттық домбыра күніне орай 2 мыңнан астам мәдени іс-шара өтеді
Ұлттық домбыра күніне орай 2 мыңнан астам мәдени іс-шара өтеді
Sputnik Қазақстан
Мерекелік іс-шараларға 2 миллионнан астам адам қатысады деп жоспарланып отыр 04.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-04T18:08+0500
2026-07-04T18:08+0500
2026-07-04T18:08+0500
домбыра
мереке
министрлік
https://sputnik.kz/img/07ea/03/15/62069977_0:317:1600:1217_1920x0_80_0_0_365ca9d238cab3a6fcb97794e91e9489.jpg
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Биыл Ұлттық домбыра күні 5 шілдге дөп түсіп тұр.Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық домбыра күніне орай Қазақстанда 2000-нан астам мәдени іс-шара өтетінін хабарлады.Мәдени бағдарлама аясында концерттер, фестивальдер, күйші және домбырашылар байқаулары, көрмелер, ғылыми конференциялар, музейлер мен кітапханалардағы арнайы жобалар, шығармашылық кездесулер мен танымдық іс-шаралар бар.Ұлттық домбыра күні жыл сайын шілде айының алғашқы жексенбісінде аталып өтеді. 2018 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен бекітілген бұл мереке ұлттық бірегейлікті нығайтуға, жастардың дәстүрлі өнерге қызығушылығын арттыруға және ұрпақтар сабақтастығын сақтауға бағытталған.Мерекелік іс-шаралар Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен барлық облыста өтеді. Кәсіби шығармашылық ұжымдардың, ұлттық аспаптар оркестрлерінің және жас орындаушылардың қатысуымен концерттер, фестивальдер мен бұқаралық мәдени жобалар ұйымдастырылады.5 шілдеде Астана қаласындағы Амфитеатрда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік концерт өтеді. Алматыда мерекелік бағдарламалар бірнеше ашық алаңда өткізіледі. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі Арбатта, "Алатау" дәстүрлі өнер театрында және Орталық саябақта өнер көрсетеді. Ал Қазақстан Республикасының "Салтанат" мемлекеттік би ансамблі "Күмбірле, домбыра, Жасай бер, Астана" атты концерттік бағдарламасын ұсынады.Шымкент қаласында мерекелік концерт "Шым Сити" саябағында өтеді. Биылғы мерекенің халықаралық бағдарламасы да ауқымды. Ұлттық домбыра күні Қытай астанасы Бейжіңде де аталып өтеді. Лянма өзенінің жағалауында Қазақстанның мәдени орталығы ұйымдастыратын Dombra Party іс-шарасында шетелдік көрермендерге қазақтың дәстүрлі өнері таныстырылады.Республикалық деңгейдегі негізгі іс-шаралар қатарында Түркістан облысында өтетін "Күй құдіреті" күйшілер байқауы, Қызылорда облысындағы III республикалық "Сыр толқыны" күйшілер байқауы, Дина Нұрпейісованың 165 жылдығына арналған "Әсемқоңыр" республикалық домбырашылар байқауы және Солтүстік Қазақстан облысында ұйымдастырылатын V халықаралық "Quzyljar Music Fest" фестивалі бар.
https://sputnik.kz/20250706/bugin---ulttyq-dombyra-kuni-55431762.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/03/15/62069977_0:114:1600:1314_1920x0_80_0_0_49f3915178506fc93969f1e21e4d70ea.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
домбыра, мереке, министрлік
домбыра, мереке, министрлік
Ұлттық домбыра күніне орай 2 мыңнан астам мәдени іс-шара өтеді
Мерекелік іс-шараларға 2 миллионнан астам адам қатысады деп жоспарланып отыр
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Биыл Ұлттық домбыра күні 5 шілдге дөп түсіп тұр.
Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық домбыра күніне орай Қазақстанда 2000-нан астам мәдени іс-шара өтетінін хабарлады.
Мәдени бағдарлама аясында концерттер, фестивальдер, күйші және домбырашылар байқаулары, көрмелер, ғылыми конференциялар, музейлер мен кітапханалардағы арнайы жобалар, шығармашылық кездесулер мен танымдық іс-шаралар бар.
"Еліміз бойынша 2000-нан астам іс-шара өткізу жоспарланған. Оның ішінде 20-ы республикалық, 98-і облыстық деңгейде ұйымдастырылады. Қалған іс-шаралар аудан орталықтары мен ауылдық елді мекендерде, сондай-ақ жергілікті мәдениет ұйымдарында өтеді. Мерекелік іс-шараларға 2 миллионнан астам адам қатысады деп жоспарланып отыр", - деп жазылған хабарламада.
Ұлттық домбыра күні жыл сайын шілде айының алғашқы жексенбісінде аталып өтеді. 2018 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен бекітілген бұл мереке ұлттық бірегейлікті нығайтуға, жастардың дәстүрлі өнерге қызығушылығын арттыруға және ұрпақтар сабақтастығын сақтауға бағытталған.
Мерекелік іс-шаралар Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен барлық облыста өтеді. Кәсіби шығармашылық ұжымдардың, ұлттық аспаптар оркестрлерінің және жас орындаушылардың қатысуымен концерттер, фестивальдер мен бұқаралық мәдени жобалар ұйымдастырылады.
5 шілдеде Астана қаласындағы Амфитеатрда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік концерт өтеді. Алматыда мерекелік бағдарламалар бірнеше ашық алаңда өткізіледі. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі Арбатта, "Алатау" дәстүрлі өнер театрында және Орталық саябақта өнер көрсетеді. Ал Қазақстан Республикасының "Салтанат" мемлекеттік би ансамблі "Күмбірле, домбыра, Жасай бер, Астана" атты концерттік бағдарламасын ұсынады.
Шымкент қаласында мерекелік концерт "Шым Сити" саябағында өтеді. Биылғы мерекенің халықаралық бағдарламасы да ауқымды. Ұлттық домбыра күні Қытай астанасы Бейжіңде де аталып өтеді. Лянма өзенінің жағалауында Қазақстанның мәдени орталығы ұйымдастыратын Dombra Party іс-шарасында шетелдік көрермендерге қазақтың дәстүрлі өнері таныстырылады.
Республикалық деңгейдегі негізгі іс-шаралар қатарында Түркістан облысында өтетін "Күй құдіреті" күйшілер байқауы, Қызылорда облысындағы III республикалық "Сыр толқыны" күйшілер байқауы, Дина Нұрпейісованың 165 жылдығына арналған "Әсемқоңыр" республикалық домбырашылар байқауы және Солтүстік Қазақстан облысында ұйымдастырылатын V халықаралық "Quzyljar Music Fest" фестивалі бар.