https://sputnik.kz/20250706/bugin---ulttyq-dombyra-kuni-55431762.html
Бүгін - Ұлттық Домбыра күні
Бүгін - Ұлттық Домбыра күні
Sputnik Қазақстан
Домбыра күні шілденің бірінші жексенбісінде аталып өтеді 06.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-06T10:45+0500
2025-07-06T10:45+0500
2025-07-06T10:45+0500
домбыра
домбыра күні
https://sputnik.kz/img/1167/93/11679303_0:52:1241:750_1920x0_80_0_0_b77918b0ef1332e3b239abacfb3e2987.jpg
АСТАНА, 6 шілде – Sputnik. Қазақстанда Ұлттық домбыра күні сегізінші рет тойланып отыр. Биылғы мейрам Астана күнімен тұспа-тұс келді. Sputnik Қазақстан мерекенің тарихы мен ұлттық аспапқа қатысты қызықты деректерді ұсынады.Әр балаға - бір домбыра2018 жылы президенттің жарлығымен Ұлттық домбыра күні бектілген болатын. Негізгі мақсат - қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру. Жарлыққа сәйкес, домбыра күні жыл сайын шілденің бірінші жексенбісінде аталып өтеді.Мейрам алғаш рет тойланғанда домбыра күні 1 шілдеге түскен. Астанадағы "Қазақ Елі" монументі жанындағы алаңда халықтық серуен ұйымдастырылады. Киіз үйлер тігіліп, ұлттық аспаптардың музейі ашылды. Сондай-ақ мыңдаған домбырашының қатысуымен "Домбыра – асыл мұра" концерті өтті. Ал 1 шілдеге қараған түні дүниеге келген балаларға мереке құрметіне домбыра сыйға тартылды.Бұл күні әр облыста күмбірлеген күйден шашу шашылып, күміс көмей әншілер ән шырқайды.2019 жылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп бағдарламасына домбыра үйрену сабағын енгізу қажеттігін айтты."Домбыра" атауы қайдан шыққан"Домбыра" атауының шығу төркініне қатысты талас-тартыс көп. Түркі тілдес халықтарда домбыра тектес шертпелі аспаптарды қазақ, ноғай, өзбек, башқұрт – домбыра, тәжік – домбурак, бурят – домбро, монғол – домбор, түрік – томбра, телеуіт – комыс, шор – қобус, қырғыз – қомуз, қырым татарлары – қобуз, хақас – хомус, алтай – топшур, тува – топшулур, түркімен, қарақалпақ, ұйғыр – дутар деп айтады.Кей деректерге сүйенсек, "домбыра" сөзі көне шумерден аударғанда "кішкене садақ" деген мағынаны білдіреді. Ал академик Ахмет Жұбановтың айтуынша, "домбыра" сөзі "қозы құйрық" сөзімен байланысты "дунбаһ" және "бурра" деген қос араб сөздерінен шыққан. Ғалым шамасы домбыраның шанағының сүйірленіп барып, қозы құйыршықтанып бітетінін негізге алған болуы керек.Белгілі зерттеуші Хайролла Жүзбасовтың пікірінше, домбыра сөзі "дөп бұра", "дәл бұра", "дем бұра" деген сөздердің тізбегінен жасалған.Тағы бір деректерде "домбыра" атауы "дом+бұра" деген сөздерінен шыққан делінеді. "Дом" сөзі қазір "домығып, ісініп кету" мағынасында қолданылып жүр. Ал "бұра" "күйге келтір" дегенге саяды.Домбыра түрлеріДомбыра әр өңірде жергілікті халықтың тұрмысына, салт-дәстүріне, ән-жыр, күй мектебі мен өнерпаздардың орындаушылық мәнеріне, шеберлердің ісмерлігіне байланысты әртүрлі пішінде дамып, өзгеріп отырған.Мәселен, ән-жыр айтуға арналған домбыраның пернелері 8-9, әрі кеткенде 14-15-ке жетсе, күй домбырасында 20-дан астам перне болады. Олардың құлақ бұрауы да қажетіне қарай (кварта, квинта) өзгертіледі.Домбыра, негізінен, екі ішекті, кейде үш ішекті болып келеді.Қазіргі кезде домбыраның 20-дан астам түрі бар.
https://sputnik.kz/20181024/52-aspap-jasaitin-sheber-dombirani-kalay-dyris-tanday-kerektigin-aytti-7748492.html
https://sputnik.kz/20230913/dombyra--kharam-amanzhol-altay-ukimetten-shugyl-shara-qoldanudy-talap-etti-38410053.html
https://sputnik.kz/20190707/Dombyrany-alemge-tanytqan-qazastandyq-zhuldyzdar-10860994.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1167/93/11679303_86:0:1153:800_1920x0_80_0_0_c18d9521614fc0b9b2aa7d03ee0dbd0d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
домбыра, домбыра күні
Бүгін - Ұлттық Домбыра күні
Домбыра күні шілденің бірінші жексенбісінде аталып өтеді
АСТАНА, 6 шілде – Sputnik. Қазақстанда Ұлттық домбыра күні сегізінші рет тойланып отыр. Биылғы мейрам Астана күнімен тұспа-тұс келді.
Sputnik Қазақстан мерекенің тарихы мен ұлттық аспапқа қатысты қызықты деректерді ұсынады.
2018 жылы президенттің жарлығымен Ұлттық домбыра күні бектілген болатын. Негізгі мақсат - қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру. Жарлыққа сәйкес, домбыра күні жыл сайын шілденің бірінші жексенбісінде аталып өтеді.
Мейрам алғаш рет тойланғанда домбыра күні 1 шілдеге түскен. Астанадағы "Қазақ Елі" монументі жанындағы алаңда халықтық серуен ұйымдастырылады. Киіз үйлер тігіліп, ұлттық аспаптардың музейі ашылды. Сондай-ақ мыңдаған домбырашының қатысуымен "Домбыра – асыл мұра" концерті өтті. Ал 1 шілдеге қараған түні дүниеге келген балаларға мереке құрметіне домбыра сыйға тартылды.
Бұл күні әр облыста күмбірлеген күйден шашу шашылып, күміс көмей әншілер ән шырқайды.
2019 жылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп бағдарламасына домбыра үйрену сабағын енгізу қажеттігін айтты.
"Домбыра" атауы қайдан шыққан
"Домбыра" атауының шығу төркініне қатысты талас-тартыс көп. Түркі тілдес халықтарда домбыра тектес шертпелі аспаптарды қазақ, ноғай, өзбек, башқұрт – домбыра, тәжік – домбурак, бурят – домбро, монғол – домбор, түрік – томбра, телеуіт – комыс, шор – қобус, қырғыз – қомуз, қырым татарлары – қобуз, хақас – хомус, алтай – топшур, тува – топшулур, түркімен, қарақалпақ, ұйғыр – дутар деп айтады.
Кей деректерге сүйенсек, "домбыра" сөзі көне шумерден аударғанда "кішкене садақ" деген мағынаны білдіреді. Ал академик Ахмет Жұбановтың айтуынша, "домбыра" сөзі "қозы құйрық" сөзімен байланысты "дунбаһ" және "бурра" деген қос араб сөздерінен шыққан. Ғалым шамасы домбыраның шанағының сүйірленіп барып, қозы құйыршықтанып бітетінін негізге алған болуы керек.
Белгілі зерттеуші Хайролла Жүзбасовтың пікірінше, домбыра сөзі "дөп бұра", "дәл бұра", "дем бұра" деген сөздердің тізбегінен жасалған.
Тағы бір деректерде "домбыра" атауы "дом+бұра" деген сөздерінен шыққан делінеді. "Дом" сөзі қазір "домығып, ісініп кету" мағынасында қолданылып жүр. Ал "бұра" "күйге келтір" дегенге саяды.
Домбыра әр өңірде жергілікті халықтың тұрмысына, салт-дәстүріне, ән-жыр, күй мектебі мен өнерпаздардың орындаушылық мәнеріне, шеберлердің ісмерлігіне байланысты әртүрлі пішінде дамып, өзгеріп отырған.
Мәселен, ән-жыр айтуға арналған домбыраның пернелері 8-9, әрі кеткенде 14-15-ке жетсе, күй домбырасында 20-дан астам перне болады. Олардың құлақ бұрауы да қажетіне қарай (кварта, квинта) өзгертіледі.
Домбыра, негізінен, екі ішекті, кейде үш ішекті болып келеді.
Қазіргі кезде домбыраның 20-дан астам түрі бар.