Қазақстанға халықаралық пойызбен туристер келді

© Photo : "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы
Жазылу
Қытайдың түрлі өңірлерінен 60-қа жуық турист келді
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Қытайдың Сиань қаласынан шыққан халықаралық туристік пойызбен Алматыға Қытайдың түрлі өңірлерінен 60-қа жуық турист келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Жолаушылар тасымалы" АҚ-сына сілтеме жасап.
Пойыз Қазақстан мен Қытай арасындағы туристік теміржол қатынасын дамыту мақсатында ұйымдастырылған.
"Пойыз Сиань қаласынан 29 маусымда жолға шығып, мемлекеттік шекараны Қорғас станциясы арқылы кесіп өтті. Ал Қазақстан аумағында "Жолаушылар тасымалы" жасақтаған пойыз құрамында жалғастырды. Туристер Алматыда бірнеше күн болып, қаланың негізгі көрікті жерлерін аралайды, экскурсиялық бағдарламаға қатысады",-дейді компания мамандары.
Ал 6 шілдеде туристік пойыз Қорғас станциясы арқылы Қытайға қайтады.

