https://sputnik.kz/20260227/turkistan-oblysyna-kelgen-sheteldik-turister-sany-2-ese-artty-61491661.html
Түркістан облысына келген шетелдік туристер саны 2 есе артты
Түркістан облысына келген шетелдік туристер саны 2 есе артты
Sputnik Қазақстан
Тарихи нысандарға келушілер саны 1 миллион адамға жетіп, 13 пайызға артты 27.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-27T19:26+0500
2026-02-27T19:26+0500
2026-02-27T19:29+0500
түркістан
туристер
әкімдік
https://sputnik.kz/img/07e7/02/0f/32124396_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_748cba67e8571e84f66560d6e3e7e82f.jpg
АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Түркістан облысына келген шетелдік туристер саны 2 есе артты, деп хабарлады облыстық әкімдік.Алдын ала есептік деректерге сәйкес, 2025 жылдың қорытындысымен Түркістан облысына келген туристер саны 500 мың адамнан асып, 2024 жылмен салыстырғанда 15,9 пайызға артқан. Бұл көрсеткіш 2023-2024 жылдармен салыстырғанда тұрақты өсім бар екенін аңғартады.Тарихи нысандарға келушілер саны 1 миллион адамға жетіп, 13 пайызға артты. Табиғи аумақтарға саяхаттаушылар саны 151,9 мың адамды құрап, 18,1 пайызға өскен. Бұл көрсеткіштер киелі мекеннің ішкі және келу туризмі бойынша әлеуеті жоғары екенін дәлелдейді.Саяхатшыларға қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Түркістан және Шымкент қалаларының әуежайлары арқылы әуе қатынастары кеңейтілуде. Қазіргі уақытта аптасына 147 рейс орындалады.
https://sputnik.kz/20251201/biyl-almaty-oblysyna-bargan-turister-sany-22-million-adamga-zhetken-59270118.html
түркістан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/0f/32124396_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_0777da38e3bae33ff997f27e275369f8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан, туристер, әкімдік
түркістан, туристер, әкімдік
Түркістан облысына келген шетелдік туристер саны 2 есе артты
19:26 27.02.2026 (жаңартылды: 19:29 27.02.2026) Тарихи нысандарға келушілер саны 1 миллион адамға жетіп, 13 пайызға артты
АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Түркістан облысына келген шетелдік туристер саны 2 есе артты, деп хабарлады облыстық әкімдік.
Алдын ала есептік деректерге сәйкес, 2025 жылдың қорытындысымен Түркістан облысына келген туристер саны 500 мың адамнан асып, 2024 жылмен салыстырғанда 15,9 пайызға артқан. Бұл көрсеткіш 2023-2024 жылдармен салыстырғанда тұрақты өсім бар екенін аңғартады.
"E-qonaq жүйесі бойынша 48 400 шетелдік турист тіркеліп, бұл көрсеткіш бір жылда екі есеге көбейген. Шетелдік қонақтардың басым бөлігі Өзбекстан, Түркия, Ресей, Қытай және Қырғызстан мемлекеттерінен келген", - деп жазылған хабарламада.
Тарихи нысандарға келушілер саны 1 миллион адамға жетіп, 13 пайызға артты. Табиғи аумақтарға саяхаттаушылар саны 151,9 мың адамды құрап, 18,1 пайызға өскен. Бұл көрсеткіштер киелі мекеннің ішкі және келу туризмі бойынша әлеуеті жоғары екенін дәлелдейді.
Саяхатшыларға қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Түркістан және Шымкент қалаларының әуежайлары арқылы әуе қатынастары кеңейтілуде. Қазіргі уақытта аптасына 147 рейс орындалады.