https://sputnik.kz/20260705/qaragandyda-zhuzdegen-dombyrashy-bir-mezette-kuy-oryndady-64694467.html
Қарағандыда жүздеген домбырашы бір мезетте күй орындады
Қарағандыда жүздеген домбырашы бір мезетте күй орындады
Sputnik Қазақстан
Домбырашылар "Балбырауын", "Адай" күйлерін тартты 05.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-05T19:30+0500
2026-07-05T19:30+0500
2026-07-05T19:30+0500
қарағанды облысы
домбыра күні
күй
https://sputnik.kz/img/07ea/07/05/64694570_0:0:800:451_1920x0_80_0_0_2252a07603000f9717112e2470679ded.jpg
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Қарағандыда Ұлттық домбыра күні ерекше сән-салтанатпен аталып өтті. Жүздеген домбырашы Құрманғазының "Адай" күйін орындады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. "Домбыра – ұлт қазынасы" мерекелік акцияға кәсіби музыканттармен қатар оқытушылар, студенттер, музыка мектептерінің тәрбиеленушілері және ұлттық аспапта өнер көрсетуді сүйетін әуесқой домбырашылар да қатысты. Олардың арасында 13 жастағы Злата Тарадина да бар. Мектеп оқушысы бес жылдан бері домбыра тартуды үйреніп жүр. Бүгінгі мерекелік бағдарлама Тәттімбет атындағы қазақ халық аспаптары академиялық оркестрінің орындауындағы Құрманғазының "Балбырауын" күйімен ашылды. Ал "Адай" күйінің жаппай орындалуы кештің шарықтау шегі болды. Жүздеген домбыраның қоңыр үні бір арнаға тоғысқанда театр алдындағы алаң алып сахнаға айналды.
https://sputnik.kz/20260705/qytay-astanasynda-dombyra-kuni-atalyp-otti-64690453.html
қарағанды облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/05/64694570_42:0:754:534_1920x0_80_0_0_242e991d50cd52878e163ab04302844c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды облысы, домбыра күні, күй
қарағанды облысы, домбыра күні, күй
Қарағандыда жүздеген домбырашы бір мезетте күй орындады
Домбырашылар "Балбырауын", "Адай" күйлерін тартты
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Қарағандыда Ұлттық домбыра күні ерекше сән-салтанатпен аталып өтті. Жүздеген домбырашы Құрманғазының "Адай" күйін орындады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан облыстық әкімдіктің
ресми сайтына сілтеме жасап.
"Домбыра – ұлт қазынасы" мерекелік акцияға кәсіби музыканттармен қатар оқытушылар, студенттер, музыка мектептерінің тәрбиеленушілері және ұлттық аспапта өнер көрсетуді сүйетін әуесқой домбырашылар да қатысты. Олардың арасында 13 жастағы Злата Тарадина да бар. Мектеп оқушысы бес жылдан бері домбыра тартуды үйреніп жүр.
"Домбыра үйірмесіне баруға ата-анам ұсыныс жасады. "Ата толғауы" үйірмесінің жетекшісі Бибігүл Тілеуханованың тәлімінің арқасында бірнеше күйді меңгердім. Қазір түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрмін. Домбыра менің өмірімнің ажырамас әрі қымбат бөлігіне айналды", — дейді жас домбырашы.
Бүгінгі мерекелік бағдарлама Тәттімбет атындағы қазақ халық аспаптары академиялық оркестрінің орындауындағы Құрманғазының "Балбырауын" күйімен ашылды. Ал "Адай" күйінің жаппай орындалуы кештің шарықтау шегі болды. Жүздеген домбыраның қоңыр үні бір арнаға тоғысқанда театр алдындағы алаң алып сахнаға айналды.