Қытай астанасында Домбыра күні аталып өтті

© Пресс-служба Министерства культуры и информации Республики КазахстанНациональный день домбры отметили в Пекине
Национальный день домбры отметили в Пекине - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2026
Жазылу
"Dombyra Party" акциясы Қытайда қазақ мәдениетін кеңінен насихаттауға және Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған.
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Бейжіңде Лянмахэ өзенінің жағалауында Ұлттық домбыра күніне орай Қазақстан мәдениет орталығы ұйымдастырған "Dombyra Party" мәдени акциясы өтті.
© Photo : Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрлігіБейжіңде Ұлттық домбыра күні аталып өтті
Бейжіңде Ұлттық домбыра күні аталып өтті - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2026
Бейжіңде Ұлттық домбыра күні аталып өтті
Ашық аспан астында Құрманғазының, Абайдың, Әбдімомын Желдібаевтың шығармалары, сондай-ақ халық күйлері орындалды. Іс-шараға қазақстандық және қытайлық жас домбырашылар, студенттер, қазақ диаспорасының өкілдері, жергілікті тұрғындар қатысты.
"Акцияның есте қаларлық сәттерінің бірі домбыра пәнінің оқытушысы Лю Хуэйдің жетекшілігімен өнер көрсеткен қытайлық балалардың орындауы болды. Жас музыканттар қазақ күйлерін орындап, домбыраға және Қазақстанның музыкалық мұрасына деген қызығушылық ел аумағынан тыс жерлерде де артып келе жатқанын көрсетті", - дейді Мәдениет және ақпарат министрлігі.
© Photo : Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрлігіБейжіңде Ұлттық домбыра күні аталып өтті
Бейжіңде Ұлттық домбыра күні аталып өтті - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2026
Бейжіңде Ұлттық домбыра күні аталып өтті
"Dombyra Party" акциясы Қытайда қазақ мәдениетін кеңінен насихаттауға және Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған. Бейжіңдегі Қазақстан мәдениет орталығы бұл іс-шараны жыл сайын өтетін дәстүрлі мәдени акцияға айналдыруды жоспарлап отыр.
Ақтөбеде танымал адамдар ұстаған домбыралар көрмесі ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2026
Ақтөбеде танымал адамдар ұстаған домбыралар көрмесі ашылды
Жаңалықтар
0