"Бекет ата жерасты мешітіне барған": Маңғыстауда жоғалған үш адам табылды

© Photo : Ішкі істер министрлігінің ведомстволық сайты "Бекет ата жерасты мешітіне барған": Маңғыстауда жоғалған үш адам табылды
Бекет ата жерасты мешітіне барған: Маңғыстауда жоғалған үш адам табылды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2026
Жазылу
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Маңғыстау облысында із-түзсіз жоғалған үш адам аман-есен табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Үшеуі Бекет ата жерасты мешітіне барамыз деп, хабар-ошарсыз жоғалып кеткен. Олардың көлігі Қыдырша ата аумағынан шамамен 35 шақырым қашықтықта жетуге қиын жерде анықталды.
Алдын ала мәлімет бойынша көлік батпаққа батып қалған. Іздестіру кезінде жоғалған азаматтарды Бейнеу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Нұржігіт Базарбаев пен Бауыржан Нұрмұханбетов бірінші болып анықтады.
"Қазіргі уақытта азаматтар медициналық тексеруден өткізу үшін Ақжігіт ауылына жеткізілді. Олардың денсаулық жағдайын дәрігерлер тексереді", - дейді тәртіп сақшылары.
Маңғыстау облыстық полиция іздестіру жұмыстарына қатысқан барлық адамға алғыс білдіріп отыр.
Еске сала кетері, Бекет ата мешітіне жолға шыққан үш адам байланысқа шықпай жоғалып кеткен болатын. Іздеу жұмыстарына құтқарушылар, полиция, авиация және арнайы техника жұмылдырылған.
Жалғыз өзі іздеп тапты: Ақмола облысында полиция жасөспірімді құтқарып қалды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2026
Ақмола облысында полицей үйінен шығып кеткен жасөспірімді түнде жалғыз өзі іздеп тапты
Жаңалықтар
0