https://sputnik.kz/20260703/saylauga-qatysatyn-partiyalar-turaly-ne-bilemiz--qyzyqty-derekter-64657485.html
Сайлауға қатысатын партиялар туралы не білеміз – қызықты деректер
Сайлауға қатысатын партиялар туралы не білеміз – қызықты деректер
Sputnik Қазақстан
Орталық сайлау комиссиясы жеті партияға өз тізімдерін ұсынуға рұқсат беріп отыр 03.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-03T19:08+0500
2026-07-03T19:08+0500
2026-07-03T19:21+0500
қазақстанның жаңа конституциясы
дауыс беру
партия
https://sputnik.kz/img/07ea/03/0f/61876636_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_79c0f7e41e8620a2b867ea111c20dad9.jpg
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Алдағы тамыз айында Қазақстанда құрылатын бір палаталы парламент – Құрылтайға сайлау өтеді. Ал оған кіретін депутаттар тек партиялық тізіммен сайланады. Орталық сайлау комиссиясы жеті партияға өз тізімдерін ұсынуға рұқсат беріп отыр. Sputnik Қазақстан сайлауға қатысатын партиялар туралы қызықты деректерді ұсынады."Ақ жолдың" жолыПартияның тарихы "Қазақстанның демократиялық таңдауы" бірлестігінен* бастау алады. 2001 жылы құрылған ұйымға біраз шенеуніктер кірген. Бірақ екі айдан кейін саяси кеңес мүшелерінің бір тобы бөлініп, "Ақ Жол" демократиялық партиясын құрған болатын.2004 жылғы мәжіліс сайлауында бұл партия 12,4 процент дауыс жинап, партиялық тізіммен бір ғана мандат алған. Бірақ ұйымның тең төрағасы Әлихан Бәйменов сайлау нәтижесімен келіспей, депутаттық мандатынан бас тартты. Ал жарты жылдан кейін "Ақ Жол"-дың өз ішінен ши шықты, партияның тең төрағалары өзара келіспей қалады. Содан "Ақ Жол" шұғыл съезд өткізіп, тең төрағалар институтын қысқартып тастайды. Бәйменов партияның жалғыз төрағасы болып сайланады.Бұрынғы тең төрағалар болса, "Нағыз Ақ Жол" атты жаңа партияны құрып алады. Бәйменов бір жылдан кейін бойкотын доғарып, мәжіліске депутат болып барды.2011 жылы партия съезінде төраға кызметіне сол кездегі "Атамекен" ұлттық экономикалық палатасының басшысы Азат Перуашев сайланды. Содан бері 15 жыл да өтіп кетті.Биыл "штрафстан" сөзімен танымал болып кеткен Перуашев төрағалықтан бас тартуға шешім қабылдады. Соңғы парламент сайлауында партия 6 мандат алған. Ал ең үздік көрсеткіш 2021 жылы болған. Сол кезде партияға дауыстың 10,95 процентін жинап, 12 депутаттық мандатқа ие болған.Партияның қазірі төрағасы Дания Еспаева және бұрынғы басшысы Әлихан Бәйменов президенттік сайлауға да қатысқан."Ауылдың" басшысы да ауыстыБұл партияға биыл 26 жыл толып отыр. Осы уақыттың ішінде саяси ұйым өз құрамына патриоттар партиясын қосып алған. Парламент сайлауларына да қатысты. Бірақ 2023 жылға дейін бірде-бір рет қажетті дауыс санын жинай алмады. Ол үшін ешкімді сынаған жоқ, бойкот та жарияламады.Соңғы парламент сайлауында "Ауыл" партиясы 10,9 процент дауыспен бірден екінші орынға шыққан. Осылайша, мәжіліске 8 бірдей депутаттық мандатпен кірген.Партия екі рет президенттік сайлауда өз үміткерлерін де ұсынған. Олар – Төлеутай Рақымбеков (2019 ж) пен Жигули Дайрабаев (2022 ж).Биыл осы партияның төрағасы да ауысты. Бұл қызметке Қайрат Айтуғанов келді. Ал бұрынғы басшы Серік Егізбаев оның бірінші орынбасары болып қалды.Бұрынғы "Әділет" емесАлдағы Құрылтай сайлауына ӘDILET партиясы да қатысады. Оның құрылғанына бір ай ғана болса да, өз құрамына AMANAT партиясын қосып алды. https://sputnik.kz/20260614/amanat-partiyasy-adilet-quramyna-endi-64105127.htmlСаяси ұйымды президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы Айбек Дәдебай басқарады. Ал негізгі командаға жаңа Конституцияны әзірлеген азаматтар еніп отыр.Бір қызығы, Қазақстанда бұрын да "Әділет" партиясы болған. Заңгер Мақсұт Нәрікбаев төрағалық еткен демократиялық партия 2004 жылы тіркелген болатын.Бұл партия парламент сайлауына қатысқан. Бірақ тиісті межеден аса алмады. Ал 2007 жылы "Ақ жол" партиясына қосылуға шешім қабылданған. Үш айдан кейін партия басшылығы ол шешімнен бас тартты.2013 жылы Әділет пен Руханият бірігіп, "Бірлік" атты жаңа партияны құрған. 7 жылдан кейін атауын "ADAL"-ға ауыстырған ол саяси ұйым да AMANAT-тың құрамына кіріп кеткен.ЖСДП Халық кеңесін құрғанЖалпыұлттық социал-демократиялық партия осыдан тура 20 жыл бұрын Жармахан Тұяқбайдың бастамасымен құрылған болатын. Бір жылдан кейін парламент сайлауы қарсаңында "Нағыз Ақ жол" партиясымен бірлесіп "Әділетті Қазақстан үшін" сайлау блогын құруға да шешім қабылданған. Алайда бұл бастама сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістерге байланысты іске аспай қалды. Содан "Нағыз Ақ жол" ЖСДП-ға қосылып кетті.2007 жылғы сайлауда социал-демократтар 4,54 процент дауыспен екінші орынға шыққан. Бірақ депутаттық мандат ала алмады. Сол кезде партия басшылығы сайлау нәтижесімен келіспей, сотқа 3 мыңнан астам арыз да түсірген. Алайда соттар бірде-бір шағымды қанағаттандырған жоқ.ЖСДП "Халық кеңесі" атты қоғамдық парламентке де бастамашы болған. 2008 жылы осы жиналыстың алғашқы отырысы ұйымдастырылған.2009 жылы Жалпыұлттық социал-демократиялық партия мен "Азат" демократиялық партиясы бірігіп, үш жылдан кейін парламент сайлауына қатысты. Бірақ тағы өте алмады. Орталық сайлау комиссиясының сол кездегі мәліметі - 1,68 процент дауыс. Ал 2021 жылы ЖСДП парламент сайлауына байкот жариялады.ЖСДП-ның бірнеше айдай Ермұрат Бәпи де басқарған. Бірақ 2019 жылы партияластар оны қызметінен алып тастады. Төрағалыққа Асхат Рақымжанов келді. 2023 жылғы парламент сайлауында партия 5,2 процент дауыс жинап, 4 депутаттық мандатқа ие болды.Жасылдар партиясыБиыл "Байтақ" партиясы да Құрылтай сайлауына қатысуға рұқсат алды. Төрт жыл бұрын тіркелген саяси ұйым экологиялық жобалармен айналысып, табиғатқа зиян келтіретін ірі компанияларды сынап тұрады.2023 жылы "Байтақ" партиясы алғаш рет парламенттік сайлауға қатысып, 146 431 дауыс жинаған. Бұл сол кездегі сайлаушылардың шамамен 2,3 процентін құрады. Осылайша, партия мүшелері мәжіліске өте алмады.Партияның идеологиясы — табиғатты қорғау, экологиялық сананы дамыту және жасыл экономиканы ілгерілету. "Таза ниет, таза іс, саясатта тазалық!Таза ауа, таза су, таза жер — таза адами қатынастар!" деген ұраны да бар.ҚХП да сайлауға қатысадыҚазақстанның Халық партиясы бұрын "Қазақстанның Коммунистік халық партиясы" деп аталған. Осы атаумен мәжіліске алғаш рет 2012 жылы кірген. Сол жылғы сайлауда партия 7,19 процент дауыс жинап, 7 депутаттық мандатқа ие болған. 2021 жылға дейін бұл көрсеткіш 9,1 процентке дейін жеткен. Ал партияның мәжілістегі фракциясы 10 мандатқа дейін артқан. Бірақ ол кезде партияның атауынан "коммунистік" деген сөзді алып тастаған болатын.Партияны ұзақ уақыт басқарған Владислав Косарев ребрендингке қарсы болған. Тіпті, нағыз коммунистік партияны жасақтайтынын да мәлімдеді. Сол кезде партияның жаңа төрағасы да сайланған болатын. Ал Косарев парламент сайлауына қатыспай қойды.2023 жылғы парламент сайлауының нәтижесінде ҚХП сайлаушылардың 6,80 процент дауысына ие болып, мәжілістен 5 депутаттық мандат алған.Жақында партияның төрағасы ауысты. Осы қызметке Нұрсұлтан Шоқанов келді. Ал экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі болған Ермұхамет Ертісбаев партия төрағалығынан өз еркімен кетті.Халық арасында "каратеші" болып танылған Жамбыл Ахметбеков те осы партияның атынан президент сайлауына екі рет қатысқан.Парламентке бірден өткен партияҚұрылтай сайлауына қатысатын Respublica партиясының құрылғанына көп болған жоқ. 2022 жылы Алматыда саяси ұйымның алғашқы съезі өткен болатын. Ал бір жылдан кейін оны ресми түрде тіркеуге алған.Сол жылы партия парламент сайлауына қатысып, үшінші орыннан көрінді. Ресми мәліметке сәйкес, оған сайлаушылардың 8,59 проценті дауыс берген. Сөйтіп, жаңадан құрылған партия мәжілістен бірден 6 мандат алды.Сайлаудан кейін партия жетекшісі Айдарбек Ходжаназаров үкімет жарты жыл ішінде тиімді жұмыс көрсетпесе, фракция өз кандидатурасын ұсынатынын мәлімдеген болатын. Тіпті, премьердің отставкасын көтеретінін де айтқан.*2018 жылдан бері Қазақстанда экстремистік деп танылған және оған тыйым салынған.
https://sputnik.kz/20260701/quryltay-saylauynyn-zhospary-bekitildi-64589178.html
https://sputnik.kz/20260701/quryltay-saylauy-qashan-otetini-belgili-boldy-64581296.html
https://sputnik.kz/20260701/quryltay-saylauyna-zheti-partiya-qatysady-64590578.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/03/0f/61876636_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_19f9bc8f98f84dd55a3804d7cfccd0fa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
қазақстанның жаңа конституциясы , дауыс беру, партия
қазақстанның жаңа конституциясы , дауыс беру, партия
Сайлауға қатысатын партиялар туралы не білеміз – қызықты деректер
19:08 03.07.2026 (жаңартылды: 19:21 03.07.2026) Орталық сайлау комиссиясы жеті партияға өз тізімдерін ұсынуға рұқсат беріп отыр
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Алдағы тамыз айында Қазақстанда құрылатын бір палаталы парламент – Құрылтайға сайлау өтеді. Ал оған кіретін депутаттар тек партиялық тізіммен сайланады. Орталық сайлау комиссиясы жеті партияға өз тізімдерін ұсынуға рұқсат беріп отыр.
Sputnik Қазақстан сайлауға қатысатын партиялар туралы қызықты деректерді ұсынады.
Партияның тарихы "Қазақстанның демократиялық таңдауы" бірлестігінен* бастау алады. 2001 жылы құрылған ұйымға біраз шенеуніктер кірген. Бірақ екі айдан кейін саяси кеңес мүшелерінің бір тобы бөлініп, "Ақ Жол" демократиялық партиясын құрған болатын.
2004 жылғы мәжіліс сайлауында бұл партия 12,4 процент дауыс жинап, партиялық тізіммен бір ғана мандат алған. Бірақ ұйымның тең төрағасы Әлихан Бәйменов сайлау нәтижесімен келіспей, депутаттық мандатынан бас тартты. Ал жарты жылдан кейін "Ақ Жол"-дың өз ішінен ши шықты, партияның тең төрағалары өзара келіспей қалады. Содан "Ақ Жол" шұғыл съезд өткізіп, тең төрағалар институтын қысқартып тастайды. Бәйменов партияның жалғыз төрағасы болып сайланады.
Бұрынғы тең төрағалар болса, "Нағыз Ақ Жол" атты жаңа партияны құрып алады. Бәйменов бір жылдан кейін бойкотын доғарып, мәжіліске депутат болып барды.
2011 жылы партия съезінде төраға кызметіне сол кездегі "Атамекен" ұлттық экономикалық палатасының басшысы Азат Перуашев сайланды. Содан бері 15 жыл да өтіп кетті.
Биыл "штрафстан" сөзімен танымал болып кеткен Перуашев төрағалықтан бас тартуға шешім қабылдады. Соңғы парламент сайлауында партия 6 мандат алған. Ал ең үздік көрсеткіш 2021 жылы болған. Сол кезде партияға дауыстың 10,95 процентін жинап, 12 депутаттық мандатқа ие болған.
Партияның қазірі төрағасы Дания Еспаева және бұрынғы басшысы Әлихан Бәйменов президенттік сайлауға да қатысқан.
"Ауылдың" басшысы да ауысты
Бұл партияға биыл 26 жыл толып отыр. Осы уақыттың ішінде саяси ұйым өз құрамына патриоттар партиясын қосып алған. Парламент сайлауларына да қатысты. Бірақ 2023 жылға дейін бірде-бір рет қажетті дауыс санын жинай алмады. Ол үшін ешкімді сынаған жоқ, бойкот та жарияламады.
Соңғы парламент сайлауында "Ауыл" партиясы 10,9 процент дауыспен бірден екінші орынға шыққан. Осылайша, мәжіліске 8 бірдей депутаттық мандатпен кірген.
Партия екі рет президенттік сайлауда өз үміткерлерін де ұсынған. Олар – Төлеутай Рақымбеков (2019 ж) пен Жигули Дайрабаев (2022 ж).
Биыл осы партияның төрағасы да ауысты. Бұл қызметке Қайрат Айтуғанов келді. Ал бұрынғы басшы Серік Егізбаев оның бірінші орынбасары болып қалды.
Алдағы Құрылтай сайлауына ӘDILET партиясы да қатысады. Оның құрылғанына бір ай ғана болса да, өз құрамына AMANAT партиясын қосып алды. https://sputnik.kz/20260614/amanat-partiyasy-adilet-quramyna-endi-64105127.html
Саяси ұйымды президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы Айбек Дәдебай басқарады. Ал негізгі командаға жаңа Конституцияны әзірлеген азаматтар еніп отыр.
Бір қызығы, Қазақстанда бұрын да "Әділет" партиясы болған. Заңгер Мақсұт Нәрікбаев төрағалық еткен демократиялық партия 2004 жылы тіркелген болатын.
Бұл партия парламент сайлауына қатысқан. Бірақ тиісті межеден аса алмады. Ал 2007 жылы "Ақ жол" партиясына қосылуға шешім қабылданған. Үш айдан кейін партия басшылығы ол шешімнен бас тартты.
2013 жылы Әділет пен Руханият бірігіп, "Бірлік" атты жаңа партияны құрған. 7 жылдан кейін атауын "ADAL"-ға ауыстырған ол саяси ұйым да AMANAT-тың құрамына кіріп кеткен.
ЖСДП Халық кеңесін құрған
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия осыдан тура 20 жыл бұрын Жармахан Тұяқбайдың бастамасымен құрылған болатын. Бір жылдан кейін парламент сайлауы қарсаңында "Нағыз Ақ жол" партиясымен бірлесіп "Әділетті Қазақстан үшін" сайлау блогын құруға да шешім қабылданған. Алайда бұл бастама сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістерге байланысты іске аспай қалды. Содан "Нағыз Ақ жол" ЖСДП-ға қосылып кетті.
2007 жылғы сайлауда социал-демократтар 4,54 процент дауыспен екінші орынға шыққан. Бірақ депутаттық мандат ала алмады. Сол кезде партия басшылығы сайлау нәтижесімен келіспей, сотқа 3 мыңнан астам арыз да түсірген. Алайда соттар бірде-бір шағымды қанағаттандырған жоқ.
ЖСДП "Халық кеңесі" атты қоғамдық парламентке де бастамашы болған. 2008 жылы осы жиналыстың алғашқы отырысы ұйымдастырылған.
2009 жылы Жалпыұлттық социал-демократиялық партия мен "Азат" демократиялық партиясы бірігіп, үш жылдан кейін парламент сайлауына қатысты. Бірақ тағы өте алмады. Орталық сайлау комиссиясының сол кездегі мәліметі - 1,68 процент дауыс. Ал 2021 жылы ЖСДП парламент сайлауына байкот жариялады.
ЖСДП-ның бірнеше айдай Ермұрат Бәпи де басқарған. Бірақ 2019 жылы партияластар оны қызметінен алып тастады. Төрағалыққа Асхат Рақымжанов келді. 2023 жылғы парламент сайлауында партия 5,2 процент дауыс жинап, 4 депутаттық мандатқа ие болды.
Биыл "Байтақ" партиясы да Құрылтай сайлауына қатысуға рұқсат алды. Төрт жыл бұрын тіркелген саяси ұйым экологиялық жобалармен айналысып, табиғатқа зиян келтіретін ірі компанияларды сынап тұрады.
2023 жылы "Байтақ" партиясы алғаш рет парламенттік сайлауға қатысып, 146 431 дауыс жинаған. Бұл сол кездегі сайлаушылардың шамамен 2,3 процентін құрады. Осылайша, партия мүшелері мәжіліске өте алмады.
Партияның идеологиясы — табиғатты қорғау, экологиялық сананы дамыту және жасыл экономиканы ілгерілету. "Таза ниет, таза іс, саясатта тазалық!
Таза ауа, таза су, таза жер — таза адами қатынастар!" деген ұраны да бар.
Қазақстанның Халық партиясы бұрын "Қазақстанның Коммунистік халық партиясы" деп аталған. Осы атаумен мәжіліске алғаш рет 2012 жылы кірген. Сол жылғы сайлауда партия 7,19 процент дауыс жинап, 7 депутаттық мандатқа ие болған. 2021 жылға дейін бұл көрсеткіш 9,1 процентке дейін жеткен. Ал партияның мәжілістегі фракциясы 10 мандатқа дейін артқан. Бірақ ол кезде партияның атауынан "коммунистік" деген сөзді алып тастаған болатын.
Партияны ұзақ уақыт басқарған Владислав Косарев ребрендингке қарсы болған. Тіпті, нағыз коммунистік партияны жасақтайтынын да мәлімдеді. Сол кезде партияның жаңа төрағасы да сайланған болатын. Ал Косарев парламент сайлауына қатыспай қойды.
2023 жылғы парламент сайлауының нәтижесінде ҚХП сайлаушылардың 6,80 процент дауысына ие болып, мәжілістен 5 депутаттық мандат алған.
Жақында партияның төрағасы ауысты. Осы қызметке Нұрсұлтан Шоқанов келді. Ал экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі болған Ермұхамет Ертісбаев партия төрағалығынан өз еркімен кетті.
Халық арасында "каратеші" болып танылған Жамбыл Ахметбеков те осы партияның атынан президент сайлауына екі рет қатысқан.
Парламентке бірден өткен партия
Құрылтай сайлауына қатысатын Respublica партиясының құрылғанына көп болған жоқ. 2022 жылы Алматыда саяси ұйымның алғашқы съезі өткен болатын. Ал бір жылдан кейін оны ресми түрде тіркеуге алған.
Сол жылы партия парламент сайлауына қатысып, үшінші орыннан көрінді. Ресми мәліметке сәйкес, оған сайлаушылардың 8,59 проценті дауыс берген. Сөйтіп, жаңадан құрылған партия мәжілістен бірден 6 мандат алды.
Сайлаудан кейін партия жетекшісі Айдарбек Ходжаназаров үкімет жарты жыл ішінде тиімді жұмыс көрсетпесе, фракция өз
кандидатурасын ұсынатынын мәлімдеген болатын. Тіпті, премьердің отставкасын көтеретінін де айтқан.
*2018 жылдан бері Қазақстанда экстремистік деп танылған және оған тыйым салынған.