Құрылтай сайлауы қашан өтетіні белгілі болды

© Sputnik / Абзал КалиевИзбирательный участок № 58 в Астане
Избирательный участок № 58 в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2026
Жазылу
Қос палаталы парламент 1 шілдеден бастап өз жұмысын тоқтатты
АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда.
"Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалсын", - деп жазылған жарлықта.
Еске сала кетейік, бүгіннен бастап жаңа Конституция күшіне енді. Оған сәйкес, қос палаталы парламент 1 шілдеден бастап өз жұмысын тоқтатты.

Қыркүйек айында Құрылтайдың бірінші сессиясы ашылғаннан кейін екі айдың ішінде вице-президент тағайындалады. Оның кандидатурасын президент ұсынады. Құрылтай депутаттары келісім беруі керек.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2026
Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді
Жаңалықтар
0