Жаңа Конституция күшіне енген күні елімізде 857 сәби дүниеге келді

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуЖаңа Конституция күшіне енген күні елімізде 857 сәби дүниеге келді
Жаңа Конституция күшіне енген күні елімізде 857 сәби дүниеге келді - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2026
Жазылу
Нәрестелердің 435-і – ұл, 422-сі – қыз
АСТАНА, 2 шілде - Sputnik. 1 шілдеде, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енген күні елімізде 857 сәби өмірге келді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Жүздеген отбасы үшін бұл күн мемлекет тарихындағы ғана емес, өз әулеттерінің де ерекше күніне айналды.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының мәліметінше, дүниеге келген нәрестелердің 435-і – ұл, 422-сі – қыз. Сонымен қатар Атырау және Алматы облыстарында екі егіз сәби дүниеге келген.

"Әрбір жаңа өмір – елдің жарқын болашағына бастар маңызды қадам. Жаңа Конституция күшіне енген тарихи күні 857 кішкентай қазақстандықтың өмірге келуі – мемлекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңімен үндескен айрықша оқиға", - делінген хабарламада.

Жеті жұп егіз: Тәуелсіздік күні елімізде 725 сәби дүниеге келді - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.12.2025
Жеті жұп егіз: Тәуелсіздік күні елімізде 725 сәби дүниеге келді
Жаңалықтар
0