Жеті жұп егіз: Тәуелсіздік күні елімізде 725 сәби дүниеге келді

© Photo : Harald_LandsrathЖеті жұп егіз: Тәуелсіздік күні елімізде 725 сәби дүниеге келді
Жеті жұп егіз: Тәуелсіздік күні елімізде 725 сәби дүниеге келді - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.12.2025
Жазылу
Мерекеде туған нәрестелердің 362-сі ұл және 363-і қыз
АСТАНА, 17 желтоқсан - Sputnik. Тәуелсіздік күні елімізде 725 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Олардың ішінде 7 жұп егіз бар.
Бұл күні жаңа туған нәрестелердің арасында ұлдар мен қыздардың саны бірдей болды - 362 және 363.
"Перзентханалардың медицина қызметкерлері мереке күні аналар мен жаңа туған нәрестелерге сапалы және уақтылы көмек көрсетіп, жауапкершілік пен біліктіліктің жоғары деңгейін растады", - дейді министрлік.
Кеше мерекеде Астанада таңғы уақытта 18 сәби дүние есігін ашқан болатын. Олардың – 7-уі ұл, 11-і қыз.
Ребенок - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.10.2025
Республика күнінде 709 бала дүниеге келді
Жаңалықтар
0