https://sputnik.kz/20260702/mugalim-ariptesinin-uyine-eki-ret-urlyqqa-tusken--sot-ukim-shygardy-64608987.html
Мұғалім әріптесінің үйіне екі рет ұрлыққа түскен – сот үкім шығарды
Мұғалім әріптесінің үйіне екі рет ұрлыққа түскен – сот үкім шығарды
Sputnik Қазақстан
Сот шешімімен әйел 3 жылға бас бостандығынан айырылды 02.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-02T11:31+0500
2026-07-02T11:31+0500
2026-07-02T11:31+0500
мұғалім
ұрлық
https://sputnik.kz/img/88/65/886513_0:184:2989:1865_1920x0_80_0_0_f95c4f8001ac1c341c1f98c2b30d767b.jpg
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Жамбыл облысында әріптесінің үйіне екі рет ұрлыққа түскен әйел сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Сотқа жүгінген келіншек мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Өткен жылы оның туған інісі келіп, үй кілтін сұраған кезде әріптесі кілттің қайда тұратынын естіп қалады. Бірнеше күннен кейін ол жұмыстан ертерек шығып, кілтті тауып алып, әріптесінің үйіне заңсыз кірген. Сол күні алтын кулон мен сақинаны, ал бірнеше күннен кейін дәл сол тәсілмен алтын алқа мен білезікті ұрлаған.Сотталушының кінәсі толық дәлелденді. Прокурор оған 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Жәбірленуші материалдық залалдың толық өтелгенін айтқан.Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі (бірнеше рет жасалған ұрлық) бойынша 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы қарастырылған.Сот шешімімен әйел 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда жазаны өтеу мерзімі оның 14 жасқа толмаған баласының болуына байланысты 3 жылға кейінге шегерілді. Үкім заңды күшіне енді.
https://sputnik.kz/20260702/qazaqmystagy-urlyq-qoyma-mengerushisi-sottaldy-64603570.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/88/65/886513_128:0:2859:2048_1920x0_80_0_0_51fa187d25ae2ad89b1982eb2ac674a8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұғалім, ұрлық
Мұғалім әріптесінің үйіне екі рет ұрлыққа түскен – сот үкім шығарды
Сот шешімімен әйел 3 жылға бас бостандығынан айырылды
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Жамбыл облысында әріптесінің үйіне екі рет ұрлыққа түскен әйел сотталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Сотқа жүгінген келіншек мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Өткен жылы оның туған інісі келіп, үй кілтін сұраған кезде әріптесі кілттің қайда тұратынын естіп қалады. Бірнеше күннен кейін ол жұмыстан ертерек шығып, кілтті тауып алып, әріптесінің үйіне заңсыз кірген. Сол күні алтын кулон мен сақинаны, ал бірнеше күннен кейін дәл сол тәсілмен алтын алқа мен білезікті ұрлаған.
Сотталушының кінәсі толық дәлелденді. Прокурор оған 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Жәбірленуші материалдық залалдың толық өтелгенін айтқан.
Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі (бірнеше рет жасалған ұрлық) бойынша 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы қарастырылған.
Сот шешімімен әйел 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда жазаны өтеу мерзімі оның 14 жасқа толмаған баласының болуына байланысты 3 жылға кейінге шегерілді. Үкім заңды күшіне енді.