Ипотеканы 20%-бен алуға болады – бірлескен қаулы қабылданды

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуРеклама ипотеки, архивное фото
Реклама ипотеки, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2026
Жазылу
Алғашқы жарна 30%-дан жоғары болса, ипотеканың жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 20%-дан аспайды
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық банкпен бірлесіп ипотеканың сараланған мөлшерлемесі бойынша қаулы қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қаулыға сәйкес, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ипотека бойынша сараланған жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) енгізіледі. Несие рәсімдеу кезінде LTV коэффициенті – кредит сомасының кепіл құнына қатынасы ескеріледі.
Белгіленген тәртіп бойынша:
LTV көрсеткіші 0,7-ге дейін болған жағдайда ЖТСМ шекті мөлшері – 20%;
LTV 0,7-ден жоғары болған жағдайда ЖТСМ шекті мөлшері – 25%.
Осылайша, алғашқы жарна 30%-дан асса, ипотеканың жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 20%-дан аспайды. Ал алғашқы жарна 30%-дан төмен болса, мөлшерлеме 25% деңгейінде белгіленеді.
2027 жылғы 1 қаңтарға дейін ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша қолданыстағы ЖТСМ шегі 25% деңгейінде сақталады.
Автокредиттеу - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2026
Ипотека мен автокредит алатындар азайды - Ұлттық банк түсініктемесі
Жаңалықтар
0