https://sputnik.kz/20260523/ipoteka-men-avtokredit-alatyndar-azaydy---ulttyq-banktin-tusiniktemesi-63645633.html
Ипотека мен автокредит алатындар азайды - Ұлттық банк түсініктемесі
Ипотека мен автокредит алатындар азайды - Ұлттық банк түсініктемесі
Sputnik Қазақстан
2026 жылдың ІІ тоқсанында ипотекаға сұраныс артады деген болжам бар 23.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-23T10:30+0500
2026-05-23T10:30+0500
2026-05-23T10:31+0500
кредит
ипотека
көлік
https://sputnik.kz/img/07e6/05/10/24838037_0:3:3631:2045_1920x0_80_0_0_b481f7c959caff771e69d661009670c7.jpg
АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Ұлттық банк ипотекалық және автокредиттерді алу көрсеткіші не себепті төмендегенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Биыл алғашқы үш айда ипотекаға сұраныстың көлемі 21 процентке азайды.Автонесие берілген өтінімдердің саны да 20 процентке қысқарған. Ал кепілмен қамтамасыз етілген және кепілсіз тұтынушылық қарыздарға сұраныс бұрынғы деңгейде қалды."Несие беру талаптары біршама күшейтілсе де, бұл жағдай кепілмен берілетін тұтынушылық несиеге деген сұраныс динамикасын әлсіреткен жоқ. Өтінім саны 1%-ға (т/т) өсіп, 103 мың болды. Ал қарыздың орташа мөлшері 12%-ға (т/т), яғни 13,6 млн теңгеге дейін өсті", - делінген қаржыгерлердің есебінде.Кепілсіз берілетін тұтынушылық несие сегментіндегі сұраныс та өзгеріссіз қалып отыр.2026 жылдың ІІ тоқсанында ипотекаға сұраныс артады деген болжам бар.
https://sputnik.kz/20260306/qazaqstandyqtar-1-shildeden-bastap-nesie-aluda-qiyndyqtarga-tap-bolady---ulttyq-bank-61689181.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/10/24838037_450:0:3181:2048_1920x0_80_0_0_bd512d7a816830c22639594270260a68.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кредит, ипотека, көлік
Ипотека мен автокредит алатындар азайды - Ұлттық банк түсініктемесі
10:30 23.05.2026 (жаңартылды: 10:31 23.05.2026) 2026 жылдың ІІ тоқсанында ипотекаға сұраныс артады деген болжам бар
АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Ұлттық банк ипотекалық және автокредиттерді алу көрсеткіші не себепті төмендегенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Биыл алғашқы үш айда ипотекаға сұраныстың көлемі 21 процентке азайды.
"Кейбір банктер сыйақы мөлшерлемелерін көтеріп, оның үстіне тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі қысқарғандықтан, ипотекалық қарыздарға сұраныс азайды", - дейді банк мамандары.
Автонесие берілген өтінімдердің саны да 20 процентке қысқарған. Ал кепілмен қамтамасыз етілген және кепілсіз тұтынушылық қарыздарға сұраныс бұрынғы деңгейде қалды.
"Несие беру талаптары біршама күшейтілсе де, бұл жағдай кепілмен берілетін тұтынушылық несиеге деген сұраныс динамикасын әлсіреткен жоқ. Өтінім саны 1%-ға (т/т) өсіп, 103 мың болды. Ал қарыздың орташа мөлшері 12%-ға (т/т), яғни 13,6 млн теңгеге дейін өсті", - делінген қаржыгерлердің есебінде.
Кепілсіз берілетін тұтынушылық несие сегментіндегі сұраныс та өзгеріссіз қалып отыр.
2026 жылдың ІІ тоқсанында ипотекаға сұраныс артады деген болжам бар.