Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Беларусь автобусына шабуыл жасалды: не белгілі

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуФрагмент двигателя беспилотника
Фрагмент двигателя беспилотника - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2026
Жазылу
Бұл Украинаның соңғы екі аптада Беларусь азаматтарын тасымалдайтын автобусқа жасаған екінші шабуылы
АСТАНА, 2 шілде - Sputnik. Украина қарулы күштерінің дроны Минскіден Анапаға бара жатқан автобусқа соққы жасады.
Зардап шеккендер – автобус жүргізген Беларусьтің екі азаматы. Екеуі де жарақат алған. Олар Брянск облысында ауруханаға жатудан бас тартып, кейін Гомель облысына эвакуацияланды.
Автобус жолаушыларының арасында Ресейдің алты азаматы болған. Олар қазіргі уақытта уақытша орналастыру пунктінде.
Брянск облысында Беларусь автобусына шабуыл жасау үшін қолданылған дрон ұшақ үлгісінде болған. Бұл туралы өңір губернаторының міндетін уақытша атқарушы Александр Ковальчук мәлімдеп, соққының әдейі бағытталғанын растады.
Ресейдің тергеу комитеті лаңкестік әрекетке қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл Украинаның соңғы екі аптадағы Беларусь азаматтары мінген автобусқа жасаған екінші шабуылы.
17 маусымда Украинаның ұшқышсыз ұшағы Брянск облысында Геленджикке бара жатқан автобусқа соққы жасаған болатын. Бортта 44 адам, оның ішінде 28 футбол командасының жас ойыншылары болған. Салдарынан жүкті әйел қаза тауып, күйеуі ауыр жарақат алған. Тағы алты адам, оның ішінде төрт бала зардап шеті.
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украина Қарулы күштері Брянскте балалар мінген автобусқа шабуыл жасады
Жаңалықтар
0