Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина Қарулы күштері Брянскте балалар мінген автобусқа шабуыл жасады

© Sputnik / Наталья СеливерстоваЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2026
Жазылу
Тергеу комитетінің хабарлауынша, террористік шабуыл бойынша қылмыстық іс қозғалды
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Украина Қарулы Күштері Брянск облысында Беларусьтен барған футболшы балалар мінген автобусқа шабуыл жасады, деп мәлімдеді губернатордың міндетін атқарушы Егор Ковальчук, деп хабарлады РИА Новости.
"Украина Қарулы күштері Геленджикке демалысқа бара жатқан Гомель балалар футбол командасының автобусына ұшақ типті ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдаланып шабуыл жасады", - деп жазды ол.
Салонда 44 жолаушы болған, оның 28-і жас спортшылар. Шабуыл салдарынан балалаарға еріп шыққан әйел қаза тапты. Алты адам жарақат алды, оның ішінде төрт жасөспірім бар.
"Қалған жолаушылар жақын арада үйлеріне қайтарылады", - деп жазды Ковальчук.
Жараланғандардың барлығы ауруханаға жеткізіліп, оларға медициналық көмек көрсетілді.
Тергеу комитетінің ресми өкілі Светлана Петренконың айтуынша, Ресейдің тергеу комитеті террористік шабуылға қатысты қылмыстық іс қозғады.
Последствия беспилотной атаки ВСУ в Старобельске (ЛНР) - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Старобельск колледжіне жасалған шабуыл: 21 адам қаза болды
Жаңалықтар
0