https://sputnik.kz/20260701/politsiya-elektrsamokattarga-qatysty-talaptardy-tusindirdi-64585068.html
Полиция электрсамокаттарға қатысты талаптарды түсіндірді
Полиция электрсамокаттарға қатысты талаптарды түсіндірді
Sputnik Қазақстан
Жаңа ережеге сәйкес, жалға берілетін барлық электрсамокатқа тіркеу нөмірі беріледі 01.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-01T15:52+0500
2026-07-01T15:52+0500
2026-07-01T16:04+0500
полиция
заң
ереже
https://sputnik.kz/img/1106/27/11062702_0:104:3073:1832_1920x0_80_0_0_1cb3664032635fb2603d8552465371b4.jpg
АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. Ішкі істер министрлігі бүгіннен бастап электрсамокаттарға қатысты күшіне енген талаптарды түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.Жаңа ережеге сәйкес, жалға берілетін барлық электрсамокатқа тіркеу нөмірі беріледі. Сол арқылы заң бұзған самокаттар анықталады. Ал самокат мінген адамның сақтандыру полисі болуы қажет.Кикшеринг компанияларының міндеттері:Тротуарда жүрген кезде жылдамдық сағатына 6 шақырымнан аспауы тиіс. Алайда 25 тамыздан бастап электрсамокаттардың тротуар мен жаяу жүргінші жолдарымен жүруіне тыйым салынады. Ал жолдың жиегімен тек 18 жасқа толған, жүргізуші куәлігінің кез келген санаты және арнайы шлемі бар адамдарға ғана рұқсат етіледі. Қараңғы уақытта жарық қайтаратын элементтер болуы шарт.Бұдан бөлек, электрсамокатпен жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға болмайды. Жаяу жүргіншілер өткелі арқылы самокаттан түсіп өту керек.
https://sputnik.kz/20260612/astanada-elektrosamokat-zhurgizetinderge-baqylau-kusheytildi-64083176.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1106/27/11062702_75:0:2806:2048_1920x0_80_0_0_0d2b5826ecc055241962f685bda0b35c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, заң, ереже
Полиция электрсамокаттарға қатысты талаптарды түсіндірді
15:52 01.07.2026 (жаңартылды: 16:04 01.07.2026) Жаңа ережеге сәйкес, жалға берілетін барлық электрсамокатқа тіркеу нөмірі беріледі
АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. Ішкі істер министрлігі бүгіннен бастап электрсамокаттарға қатысты күшіне енген талаптарды түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Жаңа ережеге сәйкес, жалға берілетін барлық электрсамокатқа тіркеу нөмірі беріледі. Сол арқылы заң бұзған самокаттар анықталады. Ал самокат мінген адамның сақтандыру полисі болуы қажет.
Кикшеринг компанияларының міндеттері:
электрсамокаттардың техникалық жағдайын қамтамасыз ету;
олардың жылдамдығы мен орналасқан жерін бақылау;
белгіленген жерде жылдамдықты автоматты түрде шектеу;
самокаттты ретсіз қалдыруға жол бермеу;
қажетті мәліметтерді ішкі істер органдарына жолдау.
"Егер самокатты пайдаланушының жүргізуші куәлігі болмаса, ол жүріс жолымен жүрмеуі тиіс. Мұны сервис қатаң бақылауы қажет. Еске саламыз, электрсамокаттар велосипед жолымен немесе велосипед жолағымен жүруі керек. Олар болмаған жағдайда жолдың оң жақ шетімен, жол жиегімен, тротуармен немесе жаяу жүргіншілер жолымен қозғалуға болады", - дейді әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов.
Тротуарда жүрген кезде жылдамдық сағатына 6 шақырымнан аспауы тиіс. Алайда 25 тамыздан бастап электрсамокаттардың тротуар мен жаяу жүргінші жолдарымен жүруіне тыйым салынады. Ал жолдың жиегімен тек 18 жасқа толған, жүргізуші куәлігінің кез келген санаты және арнайы шлемі бар адамдарға ғана рұқсат етіледі. Қараңғы уақытта жарық қайтаратын элементтер болуы шарт.
Бұдан бөлек, электрсамокатпен жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға болмайды. Жаяу жүргіншілер өткелі арқылы самокаттан түсіп өту керек.