https://sputnik.kz/20260612/astanada-elektrosamokat-zhurgizetinderge-baqylau-kusheytildi-64083176.html
Астанада электросамокат қолданғандарға бақылау күшейтілді
Астанада электросамокат қолданғандарға бақылау күшейтілді
Sputnik Қазақстан
Жыл басынан бері тәртіп сақшылары электросамокат пайдаланушылар тарапынан жасалған жол ережесін бұзудың 1200-ден астам дерегін анықтады 12.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-12T13:52+0500
2026-06-12T13:52+0500
2026-06-12T13:55+0500
астана
полиция
айыппұл
https://sputnik.kz/img/07ea/06/0c/64082462_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_b5390d66b89c8ffae91e211ba118d599.jpg
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Астанада электросамокат қолданушыларға бақылау күшейді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты қала полиция департаментіне сілтеме жасап.Әкімдік мәліметінше, жаз маусымының басталуымен елорда көшелерінде электросамокат пайдаланушылар саны айтарлықтай артты.Мәселен, бір жағдайда екі кәмелетке толмаған жасөспірім көлік көп жолда бір электросамокатпен жүріп, жол қозғалысы ережелерін бірнеше рет бұзған. Осы дерек бойынша 16 жасқа толған жасөспірімге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері оларды тәрбиелеу және күтіп-бағу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.Полиция еске салады: бір самокатқа екі адам мінгесуге, қозғалыс кезінде телефон мен құлаққап қолдануға, жылдамдықты асыруға және қауіпті маневрлер жасауға тыйым салынады. Жаяу жүргіншілер өткелі арқылы өткен кезде самокаттан түсіп, оны жаяу алып өтуі тиіс.Сонымен қатар жалға берілетін самокаттарды пайдаланушылар оларды жиі рұқсат етілмеген орындарға қалдырып кетеді. Тротуарларда, аялдамаларда және жаяу жүргіншілер өткелдерінде тасталған мұндай көлік құралдары азаматтарға кедергі келтіреді. Мұндай самокаттар эвакуацияланып, коммуналдық айып тұрағына жеткізіледі.
https://sputnik.kz/20260402/almatyda-samokat-mingen-balalardyn-ata-anasy-zhauapqa-tartylyp-zhatyr-62365367.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/06/0c/64082462_161:0:1121:720_1920x0_80_0_0_6270dbf8d4b126cccc40bf1138e08d07.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, полиция, айыппұл
Астанада электросамокат қолданғандарға бақылау күшейтілді
13:52 12.06.2026 (жаңартылды: 13:55 12.06.2026) Жыл басынан бері тәртіп сақшылары электросамокат пайдаланушылар тарапынан жасалған жол ережесін бұзудың 1200-ден астам дерегін анықтады
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Астанада электросамокат қолданушыларға бақылау күшейді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты қала полиция департаментіне сілтеме жасап.
Әкімдік мәліметінше, жаз маусымының басталуымен елорда көшелерінде электросамокат пайдаланушылар саны айтарлықтай артты.
"Алайда көптеген азамат жол қозғалысы ережелерінің талаптарын елемей, өздеріне және айналасындағыларға қауіп төндіріп отыр. Жыл басынан бері тәртіп сақшылары электросамокат пайдаланушылар тарапынан жасалған жол ережесін бұзудың 1200-ден астам дерегін анықтады", - деп жазылған хабарламада.
Мәселен, бір жағдайда екі кәмелетке толмаған жасөспірім көлік көп жолда бір электросамокатпен жүріп, жол қозғалысы ережелерін бірнеше рет бұзған. Осы дерек бойынша 16 жасқа толған жасөспірімге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері оларды тәрбиелеу және күтіп-бағу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Полиция еске салады: бір самокатқа екі адам мінгесуге, қозғалыс кезінде телефон мен құлаққап қолдануға, жылдамдықты асыруға және қауіпті маневрлер жасауға тыйым салынады. Жаяу жүргіншілер өткелі арқылы өткен кезде самокаттан түсіп, оны жаяу алып өтуі тиіс.
Сонымен қатар жалға берілетін самокаттарды пайдаланушылар оларды жиі рұқсат етілмеген орындарға қалдырып кетеді. Тротуарларда, аялдамаларда және жаяу жүргіншілер өткелдерінде тасталған мұндай көлік құралдары азаматтарға кедергі келтіреді. Мұндай самокаттар эвакуацияланып, коммуналдық айып тұрағына жеткізіледі.