Алматыда самокат мінген балалардың ата-анасы жауапқа тартылып жатыр

© Sputnik/Ертай СарбасовВесна в Алматы
Весна в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2026
Жазылу
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Алматы қаласында "STOP құқық бұзушылық" жедел профилактикалық іс-шарасы аясында самокат мінетіндерді бақылау күшейтілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қалада полицейлер де самокатқа мініп, патруль жасауға кірісті. Экипаж құрамына учаскелік полиция инспекторлары мен ювеналдық полиция қызметкерлері кірген. Олар жалпы білім беретін оқу орындарының маңына және оған іргелес аумаққа баса назар аударып жүр.
"Бір күннің қорытындысы бойынша электр самокаттарын пайдалану қағидаларын бұзудың 70 дерегі анықталды, оның ішінде 10 жағдайда кәмелетке толмағандардың басқару фактілері тіркелді", – дейді полицейлер.
Сонымен қатар, құқық бұзушылыққа жол берген 7 пайдаланушының аккаунты бұғатталды. Үш баланың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Алматыдағы самокат - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2025
Алматыда самокат тебуге тыйым салынуы мүмкін
Жаңалықтар
0