https://sputnik.kz/20260701/komek-shynymen-muqtazh-adamdarga-beriluge-tiis-bektenov-tapsyrma-berdi-64579478.html
"Көмек шынымен мұқтаж адамдарға берілуге тиіс": Бектенов тапсырма берді
"Көмек шынымен мұқтаж адамдарға берілуге тиіс": Бектенов тапсырма берді
Sputnik Қазақстан
Әлеуметтік көмек жүйесі цифрландырылады. Енді қолдау азаматтардың нақты табысы мен жағдайын ескере отырып көрсетіледі 01.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-01T12:31+0500
2026-07-01T12:31+0500
2026-07-01T12:31+0500
олжас бектенов
атаулы әлеуметтік көмек
көмек
https://sputnik.kz/img/07ea/05/10/63491041_38:172:1236:846_1920x0_80_0_0_d30512f0f74d98a976b3b2085222ba54.jpg
АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. Премьер-министр әлеуметтік көмекті тек мұқтаж адамдарға беруге арналған жүйені жетілдіруді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік көмекті шын мұқтаж адамдарға беру қажеттігін бірнеше рет айтқан. Парламент палаталарының кешегі отырысында да осы мәселеге ерекше назар аударды. Премьер-министр үкіметтің бүгінгі отырысында әлеуметтік көмек жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша тапсырма берді.Қазіргі кезде әрбір отбасының цифрлық картасы арқылы әл-ауқатын бағалау әдістемесі бар. Ендігі кезекте eGov Mobile қосымшасында үй шаруашылықтарының цифрлық профильдерін қалыптастыру және банктермен, Қаржы министрлігімен, кредиттік бюролармен интеграциялау жүргізіледі.Соның нәтижесінде отбасылардың нақты табысын, шығысын және қаржылық жағдайын ескеруге мүмкіндік болады.
https://sputnik.kz/20260701/tabys-pen-shygys-eskeriledi-aleumettik-tolemder-zhuyesine-ozgeris-engiziledi-64576440.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/05/10/63491041_89:110:1079:853_1920x0_80_0_0_9d2ea6ebab1ac55b472e56f754a9b38f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
олжас бектенов, атаулы әлеуметтік көмек, көмек
олжас бектенов, атаулы әлеуметтік көмек, көмек
"Көмек шынымен мұқтаж адамдарға берілуге тиіс": Бектенов тапсырма берді
Әлеуметтік көмек жүйесі цифрландырылады. Енді қолдау азаматтардың нақты табысы мен жағдайын ескере отырып көрсетіледі
АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. Премьер-министр әлеуметтік көмекті тек мұқтаж адамдарға беруге арналған жүйені жетілдіруді тапсырды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік көмекті шын мұқтаж адамдарға беру қажеттігін бірнеше рет айтқан. Парламент палаталарының кешегі отырысында да осы мәселеге ерекше назар аударды. Премьер-министр үкіметтің бүгінгі отырысында әлеуметтік көмек жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша тапсырма берді.
"Жалпы, елімізде әлеуметтік көмектің көп деңгейлі және атаулы жүйесі қалыптасқан. Көмек шынымен мұқтаж адамдарға берілуге тиіс. Мемлекеттің барлық базалық әлеуметтік кепілдіктері сақталады. Еңбек министрлігі цифрлық құралдарды пайдалана отырып, жүйелі жұмысты жалғастыруы қажет", – деді Бектенов.
Қазіргі кезде әрбір отбасының цифрлық картасы арқылы әл-ауқатын бағалау әдістемесі бар. Ендігі кезекте eGov Mobile қосымшасында үй шаруашылықтарының цифрлық профильдерін қалыптастыру және банктермен, Қаржы министрлігімен, кредиттік бюролармен интеграциялау жүргізіледі.
Соның нәтижесінде отбасылардың нақты табысын, шығысын және қаржылық жағдайын ескеруге
мүмкіндік болады.