https://sputnik.kz/20260701/tabys-pen-shygys-eskeriledi-aleumettik-tolemder-zhuyesine-ozgeris-engiziledi-64576440.html
"Табыс пен шығыс ескеріледі": әлеуметтік төлемдер жүйесіне өзгеріс енгізіледі
"Табыс пен шығыс ескеріледі": әлеуметтік төлемдер жүйесіне өзгеріс енгізіледі
Sputnik Қазақстан
Негізгі басымдық санаттық тәсілден отбасының нақты мұқтаждығы мен әл-ауқат деңгейін кешенді әрі атаулы бағалауға ауысады 01.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-01T10:48+0500
2026-07-01T10:48+0500
2026-07-01T10:50+0500
әлеуметтік төлем
көмек
әлеуметтік көмек
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/18/59881438_0:114:1078:720_1920x0_80_0_0_65ea05a968103ae1dacbcd2e2d32a00d.jpg
АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев әлеуметтік қолдау жүйесі қалай өзгеретінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қазіргі уақытта жүйені одан әрі жетілдіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Министрдің айтуынша, атаулылық және мұқтаждық қағидаттарын енгізу негізгі жаңашылдық болады.Қазіргі кезде әрбір отбасының цифрлық картасы арқылы әл-ауқатын бағалау әдістемесі бар.Бұл отбасылардың нақты табысын, шығысын және қаржылық жағдайын ескеруге мүмкіндік береді", – деп атап өтті министр.Соның нәтижесінде әлеуметтік көмек тек мұқтаж отбасыларға ғана көрсетіледі.
https://sputnik.kz/20260220/qazaqstannyn-barlyq-azamatyna-aleumettik-komek-beriletini-turaly-aqparat-tarady-61322267.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/18/59881438_85:0:1045:720_1920x0_80_0_0_6cfd1955ae1668d66faf6b23408b71b6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлеуметтік төлем, көмек, әлеуметтік көмек
әлеуметтік төлем, көмек, әлеуметтік көмек
"Табыс пен шығыс ескеріледі": әлеуметтік төлемдер жүйесіне өзгеріс енгізіледі
10:48 01.07.2026 (жаңартылды: 10:50 01.07.2026) Негізгі басымдық санаттық тәсілден отбасының нақты мұқтаждығы мен әл-ауқат деңгейін кешенді әрі атаулы бағалауға ауысады
АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев әлеуметтік қолдау жүйесі қалай өзгеретінін айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі уақытта жүйені одан әрі жетілдіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Министрдің айтуынша, атаулылық және мұқтаждық қағидаттарын енгізу негізгі жаңашылдық болады.
"Негізгі басымдық санаттық тәсілден отбасының нақты мұқтаждығы мен әл-ауқат деңгейін кешенді әрі атаулы бағалауға ауысады. Бұл мемлекеттік ресурстарды неғұрлым әділ әрі тиімді бөлуге, мемлекеттік қолдауды шын мәнінде мұқтаж азаматтарға ғана бағыттауға мүмкіндік береді", – деді Ертаев үкіметтің бүгінгі отырысында.
Қазіргі кезде әрбір отбасының цифрлық картасы арқылы әл-ауқатын бағалау әдістемесі бар.
"Келесі кезең – eGov Mobile қосымшасында үй шаруашылықтарының цифрлық профильдерін қалыптастыру және банктермен, Қаржы министрлігімен, кредиттік бюролармен интеграциялау арқылы деректер құрамын кеңейту.
Бұл отбасылардың нақты табысын, шығысын және қаржылық жағдайын ескеруге мүмкіндік береді", – деп атап өтті министр.
Соның нәтижесінде әлеуметтік көмек тек мұқтаж отбасыларға ғана көрсетіледі.