Халықтың жағдайын нашарлататын заңдарға алғаш рет кері күш беруге тыйым салынды – министр

© Sputnik / Санат ИмангалиевЗаседание мажилиса парламента
Заседание мажилиса парламента - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2026
Жазылу
Жаңа Конституцияда адам құқықтарының кепілдіктері едәуір кеңейтілді
АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. Жаңа Конституцияда халықтың жағдайын нашарлататын заңдарға кері күш беруге (жаңа заңды бұрын болған оқиғаларға қолдануға – агенттік) алғаш рет тыйым салынды. Бұл туралы әділет министрі Ерлан Сәрсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Конституцияда Әділетті Қазақстан идеясы маңызды орын алған. Оның өзегі – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
"Адамға бағдарланған қағидатқа сәйкес Конституцияда адам құқықтарының кепілдіктері едәуір кеңейтілді. Алғаш рет Негізгі заң деңгейінде азаматтардың жағдайын нашарлататын заңдарға кері күш беруге тікелей тыйым салынды. Бұл құқықтық айқындықты күшейтіп, қоғамның заңдарға деген сенімін арттырады", – деді Сәрсембаев үкіметтің бүгінгі отырысында.
Адамның дербес деректерін қорғау да конституциялық деңгейде бекітілді.
"Сондай-ақ әр азаматқа мемлекеттің заңсыз әрекеті арқылы келтірілген зиянды өтету құқығы Конституцияда айқын көрсетілді. Осындай және өзге де ережелер адам құқықтарын қорғау кепілдіктерін күшейтіп қана қоймай, заңнаманың тиісті салаларын одан әрі жетілдіруді талап етеді", – деп атап өтті министр.
Токаев выступил на ХІI международном военно-патриотическом сборе молодежи Айбын - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2026
Тоқаев жаңа Конституцияның күшіне енуіне орай үндеу жасады
Жаңалықтар
0