https://sputnik.kz/20260701/elimizde-gimnastikanyn-balalar-men-zhastar-arasynda-tanymaldylygy-arta-tusti--toqaev-64580837.html
Елімізде гимнастиканың балалар мен жастар арасында танымалдылығы арта түсті – Тоқаев
Елімізде гимнастиканың балалар мен жастар арасында танымалдылығы арта түсті – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Қазақстанда гимнастиканы дамыту, ірі халықаралық жарыстар өткізу және спорт саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды 01.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-01T14:22+0500
2026-07-01T14:22+0500
2026-07-01T14:22+0500
қасым-жомарт тоқаев
көркем гимнастика
гимнаст
https://sputnik.kz/img/496/61/4966157_0:168:2300:1462_1920x0_80_0_0_63ded61a9691f72b9ab7e7dc967eae43.jpg
АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Халықаралық гимнастика федерациясының президенті (FIG) Моринари Ватанабэмен және Азия гимнастикалық одағының (AGU) президенті Абдулрахман Әл-Шатримен кездесті, деп хабарлады Ақорда.Әңгімелесу барысында елімізде гимнастика спорты түрлерін дамыту және насихаттау бойынша ынтымақтастық перспективасы талқыланды.Президент бүгінде елімізде гимнастиканың балалар мен жастар арасында танымалдылығы арта түскенін атап өтті. Көптеген жергілікті залдармен қатар, ұлттық құрама жаттығатын және халықаралық жарыстар ұйымдастырылатын үш арнаулы кешен жұмыс істейді.Бұдан бөлек, мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматы қаласында Орталық Азиядағы ең ірі әрі бірегей Гимнастика орталығының құрылысы басталды.Моринари Ватанабэ мен Абдулрахман Әл-Шатри Қазақстан басшылығының кәсіби және бұқаралық спортқа көрсетіп отырған қолдауына оң баға берді.Меймандар еліміздің даңқын әлемдік ареналарда асқақтатып жүрген қазақстандық атлеттердің жетістігіне ерекше назар аударды.Мемлекет басшысы Қазақстанда және әлемде гимнастика спортын дамытуға сіңірген еңбегі үшін Халықаралық гимнастика федерациясының президенті Моринари Ватанабэні I дәрежелі "Достық" орденімен, ал Азия гимнастикалық одағының президенті Абдулрахман Әл-Шатриді II дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.
https://sputnik.kz/20250622/qazaqstandyq-gimnast-alem-chempiony-atandy-55016543.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/496/61/4966157_64:0:2237:1630_1920x0_80_0_0_1520acac519f5d77267f45112052e31b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, көркем гимнастика, гимнаст
қасым-жомарт тоқаев, көркем гимнастика, гимнаст
Елімізде гимнастиканың балалар мен жастар арасында танымалдылығы арта түсті – Тоқаев
Қазақстанда гимнастиканы дамыту, ірі халықаралық жарыстар өткізу және спорт саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды
АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Халықаралық гимнастика федерациясының президенті (FIG) Моринари Ватанабэмен және Азия гимнастикалық одағының (AGU) президенті Абдулрахман Әл-Шатримен кездесті, деп хабарлады Ақорда.
Әңгімелесу барысында елімізде гимнастика спорты түрлерін дамыту және насихаттау бойынша ынтымақтастық перспективасы талқыланды.
"Қасым-Жомарт Тоқаев FIG және AGU ұйымдарының Қазақстан гимнастика федерациясына көрсетіп келе жатқан жан-жақты қолдауын жоғары бағалады", - деп жазылған хабарламада.
Президент бүгінде елімізде гимнастиканың балалар мен жастар арасында танымалдылығы арта түскенін атап өтті. Көптеген жергілікті залдармен қатар, ұлттық құрама жаттығатын және халықаралық жарыстар ұйымдастырылатын үш арнаулы кешен жұмыс істейді.
Бұдан бөлек, мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматы қаласында Орталық Азиядағы ең ірі әрі бірегей Гимнастика орталығының құрылысы басталды.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ауқымды спорт іс-шараларын өткізуде айтарлықтай тәжірибе жинағанына тоқталды. Мемлекет басшысы еліміздің спорт саласын дамыту және ірі халықаралық додаларды өткізу бойынша бірлескен бастамаларды қарастыруға дайын екенін растады", - делінген хабарламада.
Моринари Ватанабэ мен Абдулрахман Әл-Шатри Қазақстан басшылығының кәсіби және бұқаралық спортқа көрсетіп отырған қолдауына оң баға берді.
Меймандар еліміздің даңқын әлемдік ареналарда асқақтатып жүрген қазақстандық атлеттердің жетістігіне ерекше назар аударды.
Мемлекет басшысы Қазақстанда және әлемде гимнастика спортын дамытуға сіңірген еңбегі үшін Халықаралық гимнастика федерациясының президенті Моринари Ватанабэні I дәрежелі "Достық" орденімен, ал Азия гимнастикалық одағының президенті Абдулрахман Әл-Шатриді II дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.