Қазақстандық гимнаст әлем чемпионы атанды

© Оlympic.kzГимнаст Ақмарал Ерекешева әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Гимнаст Ақмарал Ерекешева әлем чемпионатында  алтын медаль жеңіп алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2025
Жазылу
Ақмарал Ерекешева үш бірдей финалға бірінші орынмен жолдама алып, екі жүлдеге ие болды
АСТАНА, 22 маусым – Sputnik. Гимнаст Ақмарал Ерекешева Болгариядағы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Софияда көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жекелей бағдарламасы бойынша финалдық кезеңі басталды.
"Қазақстандық гимнаст Ақмарал Ерекешева үш бірдей финалға бірінші орынмен жолдама алып, екі жүлдеге ие болды", - деп жазылған хабарламада.
Доппен көрсеткен өнері үшін Ерекешева 26.150 ұпай жинап, әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ ол шығыршықпен орындалатын жаттығуда 26.950 ұпай жинап, күміс медаль жеңіп алды.
Айта кетері, 22 маусымда Ақмарал Ерекешева таспамен, ал Айғаным Рысбек ұршықпен орындалатын жаттығудың финалына қатысады.
Қазақстанның тағы екі спортшысы Азия чемпионы атанды - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2025
Қазақстанның тағы екі спортшысы Азия чемпионы атанды
Жаңалықтар
0