Ақтөбеде банк қызметкерлерінің ескертуін елемеген зейнеткер баспанасыз қалды

© Photo : СС0 / truthseeker08Рука больного
Рука больного - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2026
Жазылу
Алаяқтар зейнеткерге психологиялық қысым көрсетіп, кредит рәсімдеуге, кейін пәтерін сатуға көндірген
АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. Ақтөбе облысында 71 жастағы зейнеткер телефон алаяқтарының құрбаны болды, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Алаяқтар әйелге WhatsApp мессенджері арқылы хабарласып, өздерін "Энерго Снаб" ЖШС-нің қызметкері ретінде таныстырған. Олар зейнеткерге электр есептегішін ауыстыру қажет екенін айтып, 1414 нөмірінен келген кодты айтуды сұраған.
"Кейін eGov.kz порталының және Ұлттық банктің қауіпсіздік қызметінің қызметкерлеріміз деп хабарласып, есепшотындағы қаражатқа қауіп төніп тұрғанын айтқан. Олар зейнеткерді ақшаны "қауіпсіз шотқа" аударуға көндірген", – дейді полиция.
Ол 500 мың теңге көлемінде кредит рәсімдеп, ақшаны алаяқтар берген шотқа аударған. Кейін олар әйелді "мүлкін сақтап қалу" үшін пәтерін шұғыл сатуға үгіттеген.
"Зейнеткер пәтерін 7,5 миллион теңгеге сатып, түскен қаржының бір бөлігін банк арқылы аударған, ал қалғанын курьерге берген. Банк қызметкерлері күмәнді операцияны байқап, әйелге бірнеше рет ескерту жасап, ақшаны аудармауға көндіруге тырысқан. Алайда алаяқтардың ықпалында болған зейнеткер олардың ескертуіне құлақ аспаған", – дейді Ақтөбе облысының полиция департаменті.
АҚШ офицеріне ғашық болып қалған ақтөбелік зейнеткер 1 млн теңгесінен айырылды   - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2026
Ғашық болып қалған: "АҚШ офицері" ақтөбелік зейнеткерді 1 млн теңгеге алдап кетті
Жаңалықтар
0