Ғашық болып қалған: "АҚШ офицері" ақтөбелік зейнеткерді 1 млн теңгеге алдап кетті

© Photo : CC0 / rawpixel"АҚШ офицеріне" ғашық болып қалған ақтөбелік зейнеткер 1 млн теңгесінен айырылды
АҚШ офицеріне ғашық болып қалған ақтөбелік зейнеткер 1 млн теңгесінен айырылды   - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2026
Жазылу
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр
АСТАНА, 15 маусым – Sputnik. Ақтөбеде "АҚШ-тың отставкадағы офицеріне" сеніп қалған зейнеткер әйел бір миллион теңгеден айрылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық полиция ұсынған ақпаратқа сәйкес, 62 жастағы әйел әлеуметтік желілердің бірінде өзін америкалық отставкадағы әскери офицер ретінде таныстырған шетелдік азаматпен танысқан. Екеуі біраз уақыт хат алмасқан. Офицер жылы сөздер айтып, болашақта кездесуге де уәде берген.
Артынан уақытша қаржылық қиындыққа тап болғанын жазған. Қарызға ақша алып, Қазақстанға барғасын толығымен қайтаратынына сендірген. Оның сөзіне сенген зейнеткер бірнеше аударыммен алаяқтың есепшотына 1 миллион теңге жіберген.
"Ақша қолына тигеннен кейін күдікті байланысын тоқтатқан. Әйел өзінің алаяқтың құрбаны болғанын түсініп, полицияға жүгінді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр", - дейді тәртіп сақшылары.
Полиция интернет арқылы танысқан адамдарға ақша аудармауға, жеке және банк деректерін ешкімге бермеуге, күмәнді ұсыныстарға сақтықпен қарауға шақырады.
Пожилой мужчина, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.12.2024
Астанада алаяққа алданған зейнеткер баспанасыз қалды
Жаңалықтар
0