Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясының құрылысы басталды

© Photo : Пресс-служба акима Жетысуской областиЖел электр станциясы. Архивтегі сурет
Жел электр станциясы. Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.06.2026
Жазылу
Жел электр станциясы 2029 жылдың үшінші тоқсанында пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Жоба БАӘ-мен бірлесіп жүзеге асырылады
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Жамбыл облысында қуаты 1 Гигаватт (ГВт) болатын жел электр станциясының құрылысы ресми түрде басталды, деп хабарлады Энергетика министрлігі.
© Пресс-служба Минэнерго КазахстанаЖамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясының құрылысы басталды
В Казахстане началось строительство крупнейшего ветропарка мощностью 1 ГВт - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.06.2026
Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясының құрылысы басталды
Құны шамамен 1,4 миллиард АҚШ долларына тең жоба оңтүстік өңірлердегі электр энергиясы тапшылығын реттеуге бағытталған. Құрылыс алаңына салтанатты капсула салу рәсімі телемост форматында өтті.

Жоба туралы не белгілі?

Электр станциясы бастапқы кезеңнен-ақ қуаты 300 МВт, сыйымдылығы 600 МВт/сағат болатын заманауи энергия жинақтау жүйесімен жабдықталады.
Ауа райы құбылғанда немесе кешкі ең жоғары жүктеме кезінде де электр станциясы энергияны бірыңғай электр желісіне тұрақты әрі сенімді түрде бере алады.
Электр станциясы атмосфераға бөлінетін көмірқышқыл газының көлемін жыл сайын 2,5 миллион тоннаға азайтады.
Жел электр станциясын толық көлемде коммерциялық пайдалануға беру 2029 жылдың үшінші тоқсанына жоспарланған.
Консорциумның инвесторлары мен акционерлері ретінде БАӘ-нің таза энергетика саласындағы жетекші компаниясы Masdar (үлесі 40%), W Solar құрылымы (40%), сондай-ақ "Самұрық-Қазына" қорының құрамындағы "Qazaq Green Power" компаниясы (18%) және Қазақстанның инвестициялық даму қоры – KIDF (2%) қатысады.
Қол қойылған келісімге сәйкес, инвестор 400 тұрақты жұмыс орнын ашады, қазақстандық мамандарды оқытып, олардың біліктілігін арттырады. Сондай-ақ өндірісте заманауи технологиялар мен жаңа тәжірибелер енгізіледі.
Бұдан бөлек, компания 2028–2038 жылдар аралығында Алматы облысындағы жергілікті қауымдастықтарды қолдау және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін жыл сайын 50 млн теңге бөлуді көздеп отыр.
Жел электр станциясы - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2026
Ақтөбе облысында жаңа жел электр станциясы салынады
Жаңалықтар
0