Ақтөбе облысында жаңа жел электр станциясы салынады

© Photo : Акимат Жамбылской областиЖел электр станциясы
Жел электр станциясы - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2026
Жазылу
Нысан пайдалануға берілгеннен кейін жыл сайын шамамен сағатына 400 ГВт электр энергиясын өндіреді
АСТАНА, 8 маусым - Sputnik. Ақтөбе облысында қуаттылығы 100 МВт құрайтын жаңа жел электр станциясы салынады, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Облыс әкімі Асхат Шахаров Италияның "Plenitude Kazakhstan" ЖШС бас директоры Федерико Пульеземен кездесу барысында жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында әсіресе компанияның өңірдегі әлеуметтік бастамаларын іске асыру мәселесіне ерекше назар аударылды.
2026 жылдың мамыр айында компания энергетика министрлігі ұйымдастырған аукцион қорытындысы бойынша қуаттылығы 100 МВт құрайтын жел электр станциясын салу құқығына ие болды.
"Нысан пайдалануға берілгеннен кейін жыл сайын шамамен сағатына 400 ГВт электр энергиясын өндіреді. Түпкілікті инвестициялық шешім қабылданғаннан кейін жобаны іске асыру 2026–2028 жылдарға жоспарланған", - деп жазылған хабарламада.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар энергетика саласын дамытуға, инвестициялар тартуға және Ақтөбе облысының инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған жаңа бастамаларды бірлесіп жүзеге асыруға және өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екендерін растады.
Жалпы 2025 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы мен Италия арасындағы тауар айналымы 182,8 млн АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт көлемі – 165,1 млн доллар, ал импорт көлемі – 17,7 млн доллар.
Линии электропередач  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2026
Жыл басынан бері 300 млн киловатт-сағат электр энергиясы артық өндірілді
Жаңалықтар
0