https://sputnik.kz/20260629/senat-spikeri-ariptesterimen-qoshtasty-64527570.html
Ел тарихындағы сенаттың соңғы отырысы өтті
Ел тарихындағы сенаттың соңғы отырысы өтті
Sputnik Қазақстан
30 жыл ішінде жоғарғы палата 890 жалпы отырыс өткізіп, 3,5 мыңнан астам заң қабылдаған 29.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-29T12:00+0500
2026-06-29T12:00+0500
2026-06-29T12:14+0500
сенат
мәулен әшімбаев
құрылтай
https://sputnik.kz/img/old/827/69/8276972_0:86:1253:791_1920x0_80_0_0_1f7755dc1b3c60ba7e34e3a31c1e1597.jpg
АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев әріптес депутаттарымен қоштасты. 1 шілдеден бастап парламент палаталарының өкілеттілігі тоқтатылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бүгінгі отырыста сенаторлар алдымен әдеттегідей бірнеше мәселені қарады. Одан кейін спикер өз сөзін әріптестеріне арнады.Сенат төрағасы тамыз айында бір палаталы парламент - Құрылтайға сайлау өтетінін айтты. "Осылайша, 1995 жылғы Конституцияға негізделген қос палаталы парламент өзінің 30 жылдық тарихи миссиясын абыроймен аяқтайтын болады. Бұл - ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашатын маңызды сәт", - деді Әшімбаев.30 жыл ішінде жоғарғы палата 890 жалпы отырыс өткізіп, 3,5 мыңнан астам заң қабылдаған.Айтуынша, жоғары палатаның тарихында 846 адам сенатор қызметін атқарған. Спикер өз әріптестеріне алғыс білдірді. Сенаттың соңғы отырысында үкіметке депутаттық сауалдар жолданған жоқ.
https://sputnik.kz/20260626/30-mausymda-parlament-palatalarynyn-songy-birlesken-otyrysy-otedi-64473316.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/827/69/8276972_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_2a7e375fb0b693de7d810c61fe6f4b58.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сенат, мәулен әшімбаев, құрылтай
сенат, мәулен әшімбаев, құрылтай
Ел тарихындағы сенаттың соңғы отырысы өтті
12:00 29.06.2026 (жаңартылды: 12:14 29.06.2026) 30 жыл ішінде жоғарғы палата 890 жалпы отырыс өткізіп, 3,5 мыңнан астам заң қабылдаған
АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев әріптес депутаттарымен қоштасты. 1 шілдеден бастап парламент палаталарының өкілеттілігі тоқтатылады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінгі отырыста сенаторлар алдымен әдеттегідей бірнеше мәселені қарады. Одан кейін спикер өз сөзін әріптестеріне арнады.
"Бүгін Қазақстан Республикасы парламенті сенатының 30 жылдық тарихындағы соңғы отырысы өтті. Ертең палаталардың бірлескен отырысында кезекті сессиямыз ресми түрде жабылады. 1 шілдеден бастап халқымыздың қолдауын тапқан жаңа Ата заңымызға сәйкес, парламенттің өкілеттілігі тоқтатылады", - деді Әшімбаев.
Сенат төрағасы тамыз айында бір палаталы парламент - Құрылтайға сайлау өтетінін айтты.
"Осылайша, 1995 жылғы Конституцияға негізделген қос палаталы парламент өзінің 30 жылдық тарихи миссиясын абыроймен аяқтайтын болады. Бұл - ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашатын маңызды сәт", - деді Әшімбаев.
30 жыл ішінде жоғарғы палата 890 жалпы отырыс өткізіп, 3,5 мыңнан астам заң қабылдаған.
Айтуынша, жоғары палатаның тарихында 846 адам сенатор қызметін атқарған. Спикер өз әріптестеріне алғыс білдірді.
Сенаттың соңғы отырысында үкіметке депутаттық сауалдар жолданған жоқ.