Парламент палаталарының соңғы бірлескен отырысы өтеді - Тоқаев жұмысты қорытындылайды

© Photo : palata.kzЗдание Парламента Казахстана
Здание Парламента Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2026
Жазылу
Бүгін мәжілістің соңғы пленарлық отырысы өткен болатын
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. 30 маусымда парламент палаталарының соңғы бірлескен отырысы өтеді, деп хабарлады мәжілістің баспасөз қызметі.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды. Отырыс 30 маусымда сағат 11.00-де өтеді.
Айта кетсек, бүгін VIII шақырылымдағы мәжілістің төртінші сессиясының соңғы пленарлық отырысы өтті. Мәжіліс спикері жұмысты абыроймен атқарған барша депутаттық корпусқа зор алғысын айтты.

"Сіздер мемлекеттік органдармен қоян-қолтық жұмыс істеп, барлық заңның уақытылы әрі сапалы қабылдануын қамтамасыз еттіңіздер. Осы орайда үкімет мүшелеріне де рахмет айтып қояйық. Біз ел мүддесі жолында жұмылдық. Мемлекет басшысының "Күшті президент – ықпалды парламент – есеп беретін үкімет" формуласы іс жүзінде тиімді іске асқанының куәсі болдық", - деді Қошанов.

Төраға депутаттармен бірге тізе қосып қызмет атқарған мәжіліс аппаратына да ризашылық білдірді.

Сессияның жұмыс нәтижесі

Қошановтың айтуынша, осы сессия Қазақстан парламентаризмінің жаңа тарихындағы ең маңызды кезеңнің біріне айналды. Депутаттар қабылдаған маңызды заңдар:
жаңа Конституцияны іске асыру үшін бірқатар конституциялық заң;
Қылмыстық және әкімшілік рақымшылық жасау туралы заң;
"Цифрлық кодекс" пен "Жасанды интеллект туралы" заңдар;
медицина қызметкерлерін, жедел жәрдем жүргізушілерін қорғау үшін оларға жасалған зорлық-зомбылыққа үшін қылмыстық жауапкершілік туралы өзгерістер;
Құқық бұзушылық профилактикасы туралы заң;
Құрылыс кодексі;
Банктер және банк қызметі туралы заң;
Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы кодекске енгізілген өзгерістер;
"Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы" конституциялық заң;
азаматтарды жалған психологтардан қорғайтын заң;
педагогтердің құқықтарын қорғау мен мәртебесін арттыру нормалары
Еске салсақ, 1 шілде күні жаңа Конституция күшіне енеді. Оған сәйкес, Қазақстанда бір палаталы парламент – Құрылтай құрылады.
Ұлттық құрылтай отырысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2026
Елдегі жаңа парламент "Құрылтай" деп аталады
Жаңалықтар
0