https://sputnik.kz/20260629/adiletti-qazaqstan-quruga-ules-qosamynashimbaev-senattan-keyin-nemen-aynalysatynyn-aytty-64529526.html
Әшімбаев сенаттан кейін немен айналысатынын айтты
Әшімбаев сенаттан кейін немен айналысатынын айтты
Sputnik Қазақстан
Бүгін сенаттың соңғы отырысы өтті 29.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-29T12:42+0500
2026-06-29T12:42+0500
2026-06-29T14:59+0500
сенат
мәулен әшімбаев
https://sputnik.kz/img/07ea/06/1d/64528602_0:100:2560:1540_1920x0_80_0_0_a1175ca5b072b86e4921c32de963c9d2.jpg
АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев палатаның өкілеттілігі тоқтатылғанан кейінгі жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгін сенаттың соңғы отырысы өтті. 1 шілдеден бастап Жаңа Конституция бойынша бір палаталы парламент болады. Отырыстан кейін журналистер спикердің алдағы жоспарын сұрады.Сенат төрағасы қазіргі көңіл-күйімен де бөлісті."Көңіл-күйім жақсы. Біз жұмысымызды дұрыс аяқтап жатқан сияқтымыз. Бұл да енді үлкен абырой ғой. Қаншама заң қабылдадық, өзгерістер енгіздік. Бұл-өте үлкен жұмыс. Жаңа Қазақстан, Әділетті Қазақстанның құқықтық негізін қалыптастыруға өз үлесімізді де қостық", - деп атап көрсетті Әшімбаев.Әшімбаев Құрылтай мен Халық кеңесіне кімдер ауысатынын айтты. Ол жоғары палатаның соңғы отырысынан кейінгі брифингте сенат аппаратын сақтау қажеттігін жеткізді. Айтуынша, ол мамандардың заң шығару ісінде тәжірибесі бар.Спикердің айтуынша, сенат ғимаратын да Құрылтайдың немесе Халық кеңесінің қажеттілігі үшін пайдалануы мүмкін.
https://sputnik.kz/20260629/senat-spikeri-ariptesterimen-qoshtasty-64527570.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/06/1d/64528602_132:0:2429:1723_1920x0_80_0_0_0e3721e04f1b29970f7acb7e330db35f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сенат, мәулен әшімбаев
Әшімбаев сенаттан кейін немен айналысатынын айтты
12:42 29.06.2026 (жаңартылды: 14:59 29.06.2026) Бүгін сенаттың соңғы отырысы өтті
АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев палатаның өкілеттілігі тоқтатылғанан кейінгі жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін сенаттың соңғы отырысы өтті. 1 шілдеден бастап Жаңа Конституция бойынша бір палаталы парламент болады. Отырыстан кейін журналистер спикердің алдағы жоспарын сұрады.
"Жалпы, мемлекеттік қызмет - ол уақытша дүние. Мемлекеттік қызметке келу бар, мемлекеттік қызметтен дұрыстап кету бар. Кейде сол кету келгеннен гөрі маңыздырақ. Маған келетін болсақ, мен кез келген учаскеде мемлекет басшысы қойған мақсаттарды орындау үшін жұмыс істейтін боламын. Әділетті Қазақстанды құру жолында өз үлесімді қосамын, реформаларды іске асыруға тырысамын", - деді Әшімбаев.
Сенат төрағасы қазіргі көңіл-күйімен де бөлісті.
"Көңіл-күйім жақсы. Біз жұмысымызды дұрыс аяқтап жатқан сияқтымыз. Бұл да енді үлкен абырой ғой. Қаншама заң қабылдадық, өзгерістер енгіздік. Бұл-өте үлкен жұмыс. Жаңа Қазақстан, Әділетті Қазақстанның құқықтық негізін қалыптастыруға өз үлесімізді де қостық", - деп атап көрсетті Әшімбаев.
Әшімбаев Құрылтай мен Халық кеңесіне кімдер ауысатынын айтты. Ол жоғары палатаның соңғы отырысынан кейінгі брифингте сенат аппаратын сақтау қажеттігін жеткізді. Айтуынша, ол мамандардың заң шығару ісінде тәжірибесі бар.
"Біз алдағы конституциялық өзгерістерге байланысты ешкімді жұмыстан шығарған жоқпыз. Біздің аппарат қызметкерлеріміз Құрылтайға, тағы бір бөлігі Халық кеңесіне ауысады. Сондықтан біз мамандардан айырылмаймыз. Бұл - менің ұстанымым, аппарат басшылығының ұстанымы", - деді Әшімбаев.
Спикердің айтуынша, сенат ғимаратын да Құрылтайдың немесе Халық кеңесінің қажеттілігі үшін пайдалануы мүмкін.